
2025 жылғы 23 қаңтарда облыс әкімінің орынбасары Дархан Бақытжанұлы Сапановтың төрағалығымен «2024 жылы Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешенінің жетістіктері және 2025 жылға арналған міндеттер» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді. Аталған семинар-кеңеске облыстық ветеринария, жер қатынастары, кәсіпкерлік басқармаларының басшылары, облыстың қалалары мен аудандары әкімдерінің орынбасарлары, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор өкілдері, қайта өңдеу кәсіпорындарының басшылары қатысты.
Кеңес қорытындысы бойынша қойылған міндеттерді шешу үшін бірнеше ұсынымдар әзірленіп облыстың агроөнеркәсіптік кешенін одан әрі дамыту жөніндегі кешенді жоспарды әзірлеу және тиісті мемлекеттік органмен ұсыныстар жіберу туралы тапсырма берілді.