
Мемлекет басшысының Жарлығымен 2025 жыл жұмысшы мамандықтарының жылы болып жарияланды. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалауды жүзеге асыру мақсатында Үкіметпен жұмысшы мамандықтар жылын ұйымдастыру жөніндегі республикалық жоспар бекітіліп, Министрлікпен кәсіптік-техникалық білім беруді трансформациялаудың 2025-2027 жылдарға арналған Жол картасы қабылданды.
Еліміздің барлық өңірлерінде жұмысшы мамандықтарының имиджін ілгерілету, кадрлар даярлаудың сапасын арттыру, жұмыс берушілермен ынтымақтастықты кеңейту шаралары қамтылған Жұмысшы мамандықтарының жылына арналған жоспарлар әзірленді.
Бүгінде Қазақстанда кәсіптік-техникалық білім беру жүйесінде 772 колледж жұмыс істейді, онда 565 мың студент оқиды. 2024 жылдың қорытындысы бойынша техникалық және кәсіптік білім берудегі мемлекеттік тапсырыс көлемі 143 мың орынды құрады, ал студенттердің стипендиясы екі есеге өскенін атап өтсек болады.
Облыстың агроөнеркәсіптік кешені саласында сұранысқа ие мамандардың тізбесі бойынша ауыл шаруашылығы саласына байланыста облыс аумағында 234 мамандық иесі қажет. Оның ішінде, агрономдар-26, зоотехниктер-26, мал дәрігері-29, ветсанитарлар-2, механизаторлар-58, тракторшы-машинистер-30, шабандар-19, сауыншылар-21, мал шаруашылығына-8 және тағы басқалары кіреді.
Облыстарда кадр тапшылығын шешу үшін жұмысшы кадрлар үшін қолайлы еңбек жағдайын жасау әрі әлеуметтік қолдау және біліктілігін арттыру бойынша шаралар қолданған жөн.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер базасында АӨК мүдделі субъектілері үшін оқыту семинарларын, вебинарларды өткізіледі.
Облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдарының базасында агроөнеркәсіптік кешен субъектілері үшін дала күнін өткізу жоспарланған.