2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер мен қайта өңдеушілер үшін қарсы міндеттемелерді енгізу туралы бұйрығы күшіне енеді. Субсидия алу үшін өндірушілер жыл сайын өндірілген өнім көлемін алдыңғы жылға қарай төмендетпей көрсетуге міндетті болады.
Қарсы міндеттемелерді растау инвестициялық субсидиялар және пайыздық мөлшерлемені субсидиялу кезінде ғана талап етілмейді.
2025 жылдың басынан бастап СМАЖ-ға субсидия алуға өтінімдерді толтыруға қол жеткізгенге дейін өндірушілер 2024 жылы өндіріс көлемін – барлық өсірілген дақылдарды, мал шаруашылығы өнімдерін, жемшөпті және т.б. көрсетуі керек. Өтінімді толтыру кезінде барлық өнімнің құны жинақталып, ағымдағы жылға тіркелетін болады. Нысанды толтырып, АШБ-да тексергеннен кейін тауар өндіруші субсидиялар беруге арналған өтінімдерді толтыруға қол жеткізе алады.
Өндірушілер 2026 жылы да осындай процедурадан өтуі керек. СМАЖ-да өндіріс көлемі бойынша өткен жылмен салыстыру болады. Егер ол сақталса немесе өссе, онда өндіруші субсидиялау бағдарламаларына қатыса алады. Егер өндіріс екі жыл қатарынан төмендейтін болса, онда осы таураөндіруші үшін субсидиялауға қолжетімділік бір жылға бұғатталады.
Бұл ретте табиғи жағдайларға байланысты малдың өлімі немесе өнімсіздік, сондай-ақ өнім бағасының құбылмалылығы сияқты факторлар ескерілді. Бірінші жағдайда тауар өндіруші өз өтініміне форс-мажор туралы анықтаманы қоса береді және осылайша мемлекеттік қолдау құқығын сақтайды.
Жүйедегі бағалар нарықтағы өзгерістерге қарамастан, өнімнің әр түрі бойынша бес жылға белгіленеді. Осылайша, егер тауар өндіруші бидай алқаптарын қысқартса, бірақ басқа дақылдың дақылдарын көбейтсе, өнімнің жалпы көлемі сақталуы керек.