ШҚО мал шаруашылығын дамыту

ШҚО мал шаруашылығын дамыту

2023 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру жөніндегі бағдарлама іске қосылды, осыған сәйкес Шығыс Қазақстан облысына 6 сүт-тауарлы фермасын салу және реконструкциялау үшін республикалық бюджеттен 10 млрд.теңге қаражат бөлінді.

Қазіргі уақытта оларды салу және реконструкциялау жұмыстары аяқталуда, қажетті жабдықтармен  малдар сатып алынды.

Осы «600 басқа арналған жұмыс істеп тұрған сүт-тауар фермасын кеңейту» бағдарламасының жобаларының бірін іске асыру мақсатында «Средигорное-2» ЖШС Германиядан симменталь тұқымды 350 бас ірі қара малын сатып әкелуді жоспарлап, қазіргі уақытта 95 бас құнажындар әкелінді.

Ағымдағы жылдың соңына дейін Германиядан тағы 255 бас асыл тұқымды малдар тиісті карантиндік іс-шаралардан өткеннен кейін әкелінетін болады.