2024 жылғы 2-3 қарашада Алматы қаласында Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу туралы пресс-релиз

2024 жылғы 2-3 қарашада Алматы қаласында Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу туралы  пресс-релиз

Алматы қаласы әкімдігінің кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізуге қатысты шақыруы негізінде а. ж. 2-3 қарашада  7 ауданның (Алтай, Глубокое, Катонқарағай, Ұлан, Үлкен Нарын, Самар және Шемонаиха) және Өскемен қаласының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындарының қатысуымен Сәтбаев көшесінде (Уәлиханов және Достық көшелерінің арасында) Шығыс-Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.

Жәрмеңке 2 күн сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін өтеді.

Бекітілген схемаға сәйкес әрбір аудан мен қалаға бөлінген сауда учаскелерінде сауда орындары мен үстелдер қойылатын болады.

Жәрмеңке аумағына кіре берісте Шығыс Қазақстан облысының аркасы орнатылады.

ШҚО ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері мен қайта өңдеу кәсіпорындары Алматы қаласының тұрғындары үшін ауыл шаруашылығы өндірісінің жоғары сапалы және табиғи, экологиялық таза өнімдерін ұсынатын болады. Өнім ассортименті 20-дан астам өнім атауын құрайды.

Өткізілетін жәрмеңкелер аясында Алматы қаласының тұрғындарына 120 млн.теңгеден астам сомаға 50 тонна ауыл шаруашылығы өнімі, оның ішінде 4 тонна ет өнімдері, 28,6 тонна бал, 7 тонна күнбағыс майы, 2 тонна сүт өнімі, 4 тонна құс еті, 1 тонна балық өнімі, 2 тонна бидай ұны,  2,6 тонна ұлттық тағам және қымыз және панта өнімі ұсынылатын болады.

Өнімдер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай және сатушыларда өнімдердің шығу тегін, сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттар болады.