нан күні

нан күні

Елімізде 16 қазан - Нан күні болып белгіленді. Осы орайда облысымызда  диқандардың, ұн тартушылар мен наубайханалардың еңбегін елеу мақсатында облыс аумағында нан күнін өткізу бойынша іс-шара жоспары жасалып  бекітілді.

Ұлттық статистика бюросының ресми деректеріне сәйкес, 2024 жылдың  7 айында (қаңтар-шілде) облыстан жалпы құны 190,5 миллион АҚШ долларын құрайтын 429,8 ауыл шаруашылығы өнімі экспортталған, оның ішінде - бидай 146,6 мың тонна, құны 31,3 млн АҚШ долларын құрады, облысқа  214,9 млн. АҚШ  доллары болатын  2121,7 мың тонна  ауыл шаруашылығы өнімдері импортталды, оның ішінде  103,3 мың тонна бидай, 104,4 млн АҚШ долларына, 2,5 мың тонна нан, ұннан жасалған кондитерлік өнімдер, 5,8 млн  АҚШ долларына.

Облыста нан және тоқаш  өнімдерін шығаратын 81 орта және шағын кәсіпорындар бар, олардың жылдық қуаттылығы 22,5 мың.тонна.

 ҚР Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес 2024 жылғы 8 айда облыс бойынша жаңа піскен нан -11,7 мың.тонна, кондитерлік өнімдер- 0,75 мың.тонна, тәтті тоқаштар-0,25 мың. тонна.

Облыс орталығында орналасқан «Каравай» ЖШС, «Эко Агро» ЖШС, «Нива Востока» ЖШС және Глубокое ауданында орналасқан «Шақан Ата» ЖШС наубайханаларында  нан және тоқаш өнімдерінің жүзден аса түрлерін шығарады.

Мысалы, «Береке Нан» ЖК қазіргі уақытта облыс орталығында және аудандарға денсаулыққа пайдалы қолдан піскен ашытқысыз нан өнімдерін  және тоқаш өнімдерін шығарумен айналысады.

Облыс көлемінде бірнеше наубайханалар аз қамтылған отбасыларына әлеуметтік  көмек көрсетеді және нан бағасын тұрақтандыру бағдарламасына қатысады.

Қазіргі уақытта аудан орталықтарында іс-шара жоспары аясында наубайханашылар арасында көрме жарыстар ұйымдастырылып өтуде. Бүгінгі күні 7 аудан орталықтарында іс-шара өтті. Өткен көрме аясында аудан басшылары жеңімпаздарды анықтап облыстық деңгейде марапаттауға ұсынылады.  Іс-шара қортындысын аяқтау Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні қарсаңына белгіленді.