
Шығыс Қазақстан облысында 2024 жылы ауыл шаруашылығы жануарларының 2024-2025 жылдардағы мал қыстамалығын толыққанды азықпен қамтамасыз ету үшін бір мың қырық сегіз (1048) тонна қатаң шөп, жүз қырық бір мың (141) тонна құнарлы жем, сексен мың (80) тоннадан астам пішендеме, жүз тоқсан бес мың (195) тонна сүрлем дайындау жоспарланған.
Облыста азықтың қажетті мөлшерін дайындауды қамтамасыз ететін жеткілікті техника паркі бар.
Биылғы жылғы 26 қыркүйектегі жедел мәліметтерге сәйкес облыс бойынша жоспардағы шөп – 133,6%-ға; пішендеме - 100 %-ға; сүрлем – 88%-ға; сабан – 89,3%-ға; құрама жем – 68,2%-ға орындалды.
Ағымдағы жылы жемшөп дайындау қарқыны өткен жылғы деңгейде.
Қазіргі уақыттағы ауа райының қолайлылығы жемшөп дайындау үшін ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына айтарлықтай тиімді болып отыр.