Өскемен қаласында «Туған жер- алтын бесігім» атты жоба бойынша ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу туралы ақпарат

Өскемен қаласында «Туған жер- алтын бесігім» атты жоба бойынша ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу туралы ақпарат

Өскемен қаласының халқын азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету мақсатында, 2024 жылғы 28 қыркүйектен  бастап аудандардың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің қатысуымен «Алтай» КТО аумағында «Туған жер - алтын бесігім» атты жоба бойынша ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу басталды.

Облыс аудандарының және қалаларының  жетістіктерін көрсету мақсатында  жәрмеңкелер өткізу кестесі бекітілді.

Бекітілген кестеге сай 2024 жылғы 28 қыркүйекте  «Алтай» КТО аумағында Самар ауданының қатысуымен жәрмеңке өтті.

Самар ауданы әкімдігінің ақпараты бойынша 28 қыркүйекте жәрмеңкеде 12720 кг ауыл шаруашылығы өнімі, оның ішінде 3520 кг сиыр еті, 2000 кг жылқы еті, 420 кг қой еті, 200 кг балық, 6000 кг көкөніс өнімдері,   300 кг бал және 230 кг сүт  16,2 млн.теңгеге өнімдер  сатылды.

Ауыл шаруашылығы басқармасы ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасына мониторинг жүргізді және жәрмеңкелерде сатылатын сиыр етінің бағасы (төс сүйегі - жауырын-кеуде бөлігі) - 2400 теңге/кг , жылқы еті - 2400 теңге/кг, қой еті - 2100 теңге/кг, картоп 100 теңге/кг, сәбіз 130 теңге/кг, пияз 80 теңге/кг,қырыққабат 95 теңге/кг  бекітілді.

Жалпы, облыс орталығында өңірлік ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қатысуымен жәрмеңке өткізу бағаны ұстап тұруға және халықты нарықтағы орташа бағадан 10-15 пайызға төмен сапалы және табиғи азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етуге оң әсерін тигізуде.

Жыл басынан бері облыстың қалалары мен аудандарында 23 қыркүйектегі  жағдай бойынша 1,0 млрд.теңге сомасына 350 жәрмеңке өткізілді.

Ағымдағы жылғы 12 қазанда  кесте бойынша  «Алтай» КТО аумағында Катокқарағай, Үлкен-Нарын  ауданының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу жоспарланды.