«Jas Kenes Siylygy»

«Jas Kenes Siylygy»

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің бастамасы бойынша «Jas Kenes Siylygy» сыйлығының өткізілетіні туралы хабарлайды.

Сыйлықтың мақсаты күнделікті жұмысы мен еңбектегі ерлігі көптеген отандастар үшін жиі көрінбейтін, қазақстандық қоғам үшін маңызды салаларда жұмыс істейтін (басшылық емес) жас мамандарды көтермелеу болып табылады.

«Jas Kenes Siylygy» Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің бастамасымен құрылған тәуелсіз жастар сыйлығы болып табылады.

Сыйлық жыл сайын ағымдағы жылдан бастап келесі номинация шеңберінде беріледі:

- «Önerkäsıp», өңдеу өнеркәсібінің, тау-кен металлургия кешенінің, агроөнеркәсіптік сектордың, тамақ өнеркәсібі ұйымдарының, энергетика секторының қызметкерлері және өндірістік сектордың басқа да өкілдері үшін;

Сыйлық алуға 35 жасқа дейінгі ҚР азаматтары үміткер бола алады. Конкурсқа қатысуға өтінімді https://www.jaskenes.kz/application сайтында 2024 жылғы 18 маусымнан 18 шілдеге дейінгі кезеңде беруге болады.

Конкурстық іріктеу 3 кезеңде өтеді. Конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша 14 жеңімпаз анықталады (әр номинация бойынша 2 жеңімпаз). Конкурстың жүлде қоры – 14 миллион теңге (әр жеңімпазға 1 миллион теңгеден).