
Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі - Департамент) өрт қауіпті кезең басталғаннан бері облыс аумағында 9 орман өрті және өртпен жойылған ауданы 52,7 га болатын 16 дала өрттерінің тіркелгенін хабарлайды. Үлкен алаңдарда табиғи өрттердің туындауына және таралуына жол бермеу мақсатында, сондай-ақ ағымдағы өрт қауіпті маусымда алдағы күзгі-далалық жұмыстарға байланысты келесі алдын алу іс-шараларын ұйымдастыруды ұсынады: - халықтың, шаруа қожалықтарының және өзге де ауыл шаруашылығы ұйымдарының ауыл шаруашылығы алқаптарында, жайылымдар мен шабындықтарда сабан, аң және басқа да өсімдік қалдықтарын өртеуіне жол бермеу жөнінде шаралар қабылдасын; - орман және дала алқаптарына, автомобиль және темір жолдарға іргелес егістіктерде ені кемінде 4 метр жолақпен жырту орындалсын.