
Қазақстан Республикасы Президентінің соңғы жолдауы аясында өндірістік секторды дамытудың жаңа серпініне, сондай-ақ жаңа инвестициялық циклдарды іске қосуға қатысты кеңейтілген отырыста және Өскемен қаласында, атап айтқанда Меновое ауылында қуаттылығы тәулігіне 60 тонна астық өңдейтін "Normal Work" ЖШС ұн тарту комбинатының техникалық ашылуы өтті. Түркиядан жабдықтарды екінші деңгейдегі банктер арқылы сатып алуға 300 млн. теңге сомасында инвестиция тартылды. 40 жұмыс орны құрылады. Кәсіпорын аумағында сертификаттаудан өткен зертхана мен таразы бар. Дайын өнім бүкіл облыс бойынша сатылатын болады. Кәсіпорын 2025 жылдың наурыз айында толық қуатына шығуды жоспарлап отыр.