Шемонаиха ауданындағы көктемгі дала жұмыстарының барысы туралы

Шемонаиха ауданындағы көктемгі дала жұмыстарының барысы туралы

Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ажар Елемесовна Каджибекова Шемонаиха ауданындағы көктемгі егіс жұмыстарының барысымен танысты.
Бүгінгі таңда облыс бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының ең көп егістік алқаптары Шемонаиха ауданында шоғырланған. Ауыл шаруашылығы дақылдарын егу 94,3 мың гектарға аяқталды. Бұл жоспарланған көрсеткіштің 73% құрайды.
Шемонаиха ауданында дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 39,8 мың гектарға орналастырылған, бұл жоспардың 56% құрайды. Сонымен қатар, майлы дақылдарды егу аяқталуға жақын. Олар 50,5 мың гектарға егілді, бұл жоспарлы көрсеткіштердің 96% құрайды.
Сонымен қатар, ауданға 3,6 мың тоннадан астам жеңілдетілген дизель отыны бөлінді.
Биылғы жылы көктемгі егіс жұмыстарын табысты жүргізу үшін облыста облыстық бюджеттен 4,1 миллиард теңге қарастырылған
өсімдік шаруашылығында.
Егіс науқаны қолайлы ауа-райы мен климаттық жағдайларға байланысты аймақта әдеттегіден сәл ертерек басталғаны атап өтілді.