
Өскемен қаласының халқын азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында 2024 жылғы 9 наурыздан бастап аудандардың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің қатысуымен «ТНП» СҮ аумағында ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу басталды.
Осыған байланысты облыс аудандарының қатысуымен жәрмеңкелер өткізу кестесі бекітілді.
Күршім ауданы әкімдігінің ақпараты бойынша 16 наурызда болатын жәрмеңкеде 6810 кг ауыл шаруашылығы өнімі, оның ішінде 2150 кг сиыр еті, 1490 кг жылқы еті, 800 кг қой еті, 1200 кг балық,1000 кг бал және 170 кг ұлттық тағамдар ( талқан, ірімшік, құрт, сары май) ұсынылатын болады.
Ауыл шаруашылығы басқармасы ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасына мониторинг жүргізді және жәрмеңкелерде сатылатын сиыр етінің бағасы (төс сүйегі - жауырын-кеуде бөлігі) - 2100 теңге/кг , жылқы еті - 2300 теңге/кг, қой еті - 2100 теңге/кг бекітілді.
Жыл басынан бері облыстың қалалары мен аудандарында 11 наурыздағы жағдай бойынша 257,9 млн.теңге сомасына 99 жәрмеңке өткізілді.
Ағымдағы жылғы кесте бойынша 30 наурызда «ТНП» СҮ аумағында Ұлан ауданының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу жоспарланды.