
Өскемен қаласының тұрғындарын азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында 2024 жылғы 9 наурыздан бастап аудандардың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің қатысуымен Сәтпаев даңғылы, 39 «ТНП» сауда орнының аумағында апта сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу басталды.
Бекітілген кестеге сәйкес ағымдағы жылғы 9 наурызда «ТНП» сауда орнының аумағында Глубокое ауданы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің және Өскемен қаласы кәсіпкерлерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіледі.