ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫНА АРЗАНДАТЫЛҒАН ДИЗЕЛЬ ОТЫНЫН БОСАТУ БОЙЫНША ОПЕРАТОРЛАРЫН АНЫҚТАДЫ

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫНА АРЗАНДАТЫЛҒАН ДИЗЕЛЬ ОТЫНЫН БОСАТУ БОЙЫНША ОПЕРАТОРЛАРЫН АНЫҚТАДЫ

Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын анықтау жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Өтінімдерді қарау және ашық дауыс беру нәтижесі бойынша көктемгі дала жұмыстарына ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері үшін жеңілдетілген дизель отынын босату жөніндегі операторлар болып "PetroRetail" ЖШС, "Металл-Импэкс" ЖШС, "Зыряновскнефтепродукт" ЖШС, "Alem Oil" ЖШС, "Юпитер-Шульгин и К" ӨТ, "Шемавтодизель" ЖШС және "Алтын Мұнай ЛТД" ЖШС анықталды.
Сонымен қатар, операторларын айқындау қағидаларына сәйкес "Багратион" ШҚ, "Багратион ВАВ" ЖШС, "Багратион ВВГ ШХ" ЖШС, "Пролетрка" ШҚ және "Багратион-2" ШҚ автоматты түрде операторлар тізіміне енгізілген, өйткені олар ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілері болып табылады.
Облыстарды бекіту кестесіне сәйкес 2024 жылғы көктемгі дала жұмыстарына дизель отынын жеткізу Павлодар мұнай өңдеу зауытынан жүзеге асырылатын болады. Шығыс Қазақстан облысы үшін 7,1 мың тонна бөлінді, оның ішінде айлар бойынша: наурыз -
2 мың тонна, сәуір - 2,4 мың тонна, мамыр - 2,7 мың тонна.
Операторлық қызметтерді ескере отырып, арзандатылған дизель отынының бағасы 1 литр үшін 246-дан 250 теңгеге дейін болады.