Зайсан ауданы бойынша «Ауыл Аманаты» бағдарламасы негізінде 2023 жылы 179 млн 428 мың теңгеге 32 жоба несиелендіріліп жүзеге асырылды.
Бүгінгі күні облыстық ауыл шаруашылық басқармасының және «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының мамандары бірлесіп жоғарыда аталған несиелердің нысаналы пайдалануына мониторинг жүргізуде.