
Ағымдағы жылдың 25 қаңтарында ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасына қарасты «Ұлан-Вет» ШЖҚ КМК-ның ұйымдастыруымен мал иелері үшін "TortTulik" мобильді қосымшасын түсіндіру бойынша Ұлан ауданының ШҚ-ның басшыларына арналған семинар-кеңес өтті. Семинар-кеңестің барысында ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы Дарын Бақытбекұлы "TortTulik" мобильді қосымшасын пайдалануды түсіндіріп өтті және семинар-кеңестің соңында ШҚ басшыларының сұрақтарына жауап берді.