Мал шаруашылығын субсидиялауға өтінімдерді қабылдау басталды

Мал шаруашылығын субсидиялауға өтінімдерді қабылдау басталды

Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 18 қыркүйектегі №332 бұйрығымен Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізілгенін хабарлайды.

Қағидаларға сәйкес 2024 жылғы 20 қаңтардан бастап «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау» бағдарламасы бойынша мемлекеттік ақпараттық субсидиялау жүйесінде өтінімдер қабылдау басталды. Субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі жаңартылды.

Осы мемлекеттік қызмет және субсидиялар төлеу шарттары туралы толығырақ ақпаратты ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығымен бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларынан немесе (8-7232) 700-727, 700-714 телефондары арқылы алуға болады.