
Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге арналған дизель отыны
2020 жылғы көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге Шығыс Қазақстан облысына Энергетика министрлігі Павлодар МХЗ-дан тоннасы орташа бағамен 30,0 мың тонна дизель отынын бөлді. Аудан әкімдіктері ауыл шаруашылығы құрылымдарына жеткізуші операторларды анықтады.
2020 жылғы көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге бөлінген 30 мың тонна дизель отынынан наурыз айына 8 мың тонна, сәуір айына 9 мың тонна, мамыр айына 8 мың тонна және шілде айына 5 мың тонна бөлінді. Операторлардағы дизель отынының бағасы наурыз айына литрі үшін 170-178 теңге.
Наурыз-мамыр айларына бөлінген 25 мың тонна дизель отынының ақысы толық төленіп, 24,109 мың тоннасы жеткізілді.
Ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз ету
2020 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге қатысатын ауыл шаруашылығы техникалары:
|
Тракторр |
16650 бірлік |
|
Соқа |
4319 бірлік |
|
Культиватор |
2604 бірлік |
|
Жүк машиналары |
5093 бірлік |
|
Тұқым сепкіш |
4219 бірлік |
Облыс бойынша 2020 жылғы 4 наурызда техниканың дайындығы: тракторлар 98%, жер өңдеу техникасы 100% құрады.