
2024 жылғы 3 қаңтарда ҚР Парламенті Сенатының депутаты О.А.Булавкина Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында ауыл шаруашылығы басқармасы басшылығымен кездесті, онда Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жобаның орындалуы, сондай-ақ субсидиялау, кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау шараларын көрсету мәселелері талқыланды.