
Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешені азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, экономиканы дамытудың драйвері болып табылатын өңір экономикасының екінші негізгі саласы болып табылады.
2023 жылы қаңтар-сәуір айларында ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 73,7 млрд. теңгені құрап, 2022 жылғы көрсеткішке 128%-ға өсті. Ауыл шаруашылығының ЖІӨ НКИ 116,3%-ға жетті.
Талданып отырған кезеңде ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар 12,2 млрд.теңгені немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 66,6% құрады.
Облыс бойынша АӨК өнімінің экспорты 2023 жылғы қаңтар-наурызда 135 млн. АҚШ долларын құрады, 2022 жылғы ұқсас кезеңге қарағанда 110,7%-ға өсті. Бұл ретте экспорттың жалпы көлеміндегі өңделген өнімнің үлесі 45,4% құрады (2022ж. - 27,2%).
Облыстың АӨК дамуының оң серпініне аграрлық сектордың басым бағыттарын дамытуды субсидиялау түріндегі мемлекеттік қолдау шаралары ықпал етеді. Іске асырылатын субсидиялау бағдарламалары шеңберінде субсидиялар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, қайта өңдеу саласы өнімдерін өндіру кезіндегі шығындарды, сондай-ақ инвестициялық қызмет кезіндегі шығындарды өтеу үшін беріледі. Бүгінгі таңда субсидиялаудың мынадай бағдарламалары іске асырылуда:
Анықтама: (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2018 жылғы 23 шілдедегі № 317 бұйрығы.)
Инвестициялық салымдар кезінде АӨК субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялаудың негізгі мақсаты капитал сыйымдылығын төмендету және салынған инвестициялардың өтелімділігін арттыру арқылы АӨК-нің басым бағыттарында (секторларында) инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыру болып табылады.
Инвестициялық субсидиялау «Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу жөніндегі субсидиялау қағидаларында» көрсетілген жобалардың паспорттары бойынша жүзеге асырылады және инвестициялық жобаны іске асыру орны бойынша жүргізіледі. Осы бағдарлама бойынша 2023 жылға облыс бойынша 8,7 млрд.теңге бөлінді.
Анықтама: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 436 бұйрығы.
Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдықтарын сатып алуға лизинг беру кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялаудың негізгі мақсаты агроөнеркәсіптік кешен субъектілері үшін қаржы қызметтерінің қолжетімділігін арттыру болып табылады. Ағымдағы жылы осы бағдарлама бойынша 6,3 млрд. теңге бөлінді.
2022 жылғы 25 қаңтардан бастап жасалған қарыз шарттары бойынша қарыз алушы номиналды сыйақы мөлшерлемесінің 6% төлейді, мемлекеттік бюджеттен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің сомасы плюс жылдық 7,5% және қарыз алушы төлеген теңгемен 6% арасындағы айырма нәтижесінде алынған номиналды сыйақы мөлшерлемесінің қалған бөлігі субсидияланады.
Субсидиялау қарыз шарттары бойынша жүзеге асырылады:
1) ауыл шаруашылығы техникасын, оның ішінде аспалы және тіркеме жабдықты сатып алуға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуға, инвестициялық мақсаттарға (жеңіл автомобиль көлігі мен жолаушылар көлігін қоспағанда), құрылысқа (ұн, минералды су және алкогольсіз сусындар өндіруге арналған негізгі құралдарды сатып алуға арналған қарыздарды қоспағанда);
2) өндірістік процестің технологиялық циклі үшін қажетті айналым қаражатын толықтыруға;
3) көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге берілген қарыздар бойынша жүзеге асырылады.
Анықтама: Субсидиялау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы №108 бұйрығымен бекітілген асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес жүзеге асырылады
Осы бағдарлама бойынша субсидиялар Қағидаларда бекітілген нормативтерге сәйкес асыл тұқымды ірі қара мал, қой, жылқы шошқа сатып алғаны үшін, ірі қара, қой, шошқа, марал және аралардың аналық мал басымен селекциялық-асыл тұқымдық жұмысы үшін төленеді. Субсидиялар өндірілген сиыр сүті мен құс еті үшін де төленеді.
Бекітілген нормативтің жартысынан сатып алу құны азайған жағдайда барлық түрдегі жануарларды сатып алу сатып алу құнының 50% - на тең мөлшерде субсидияланады.
Сүтті және сүтті-етті тұқымды асыл тұқымды бұқаның тұқымын сатып алу сатып алу құнының 100% - на дейін субсидияланады, бірақ бекітілген нормативтен аспайды.
Осы бағдарлама бойынша 2023 жылға 4,8 млрд.теңге бөлінді.
Субсидиялау тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте көзделген қаражат есебінен субсидиялау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. Тиісті бағыттарға көзделген қаражат жетіспеген кезде өтінімдер резервке (күту парағына) түседі.
Субсидияларды төлеу ГАЖ-ға (субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі) келіп түскен электрондық өтінім негізінде жүзеге асырылады және Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келуі тиіс.
Өтінімдерді қабылдау ауыл шаруашылығы жануарларының орналасқан/тіркелген жері бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өлшемшарттарда көзделген мерзімдерде жүзеге асырылады.
Жергілікті атқарушы органның жауапты орындаушысы өтінім тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген деректердің толықтығына өтінімді тексеруді жүзеге асырады. Сондай-ақ субсидиялар алуға арналған өтінімді қарау нәтижелері туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жібереді.
Анықтама: Субсидиялау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығымен бекітілген Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады
Осы бағдарлама шеңберінде субсидиялау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
- Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау
Субсидиялар мыналарға арналған:
- аудандастырылған және перспективалы сорттардың нақты сатып алынған бірегей тұқымдары үшін элиталық шаруашылықтардың шығындарын ішінара (70%) өтеу және нақты сатып алынған элиталық тұқымдар үшін семхоздардың, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің (ауыл шаруашылығы кооперативтерінің) шығындарын өтеу;
- бірінші репродукцияның нақты сатып алынған тұқымдары және (немесе) екінші репродукцияның мақта тұқымдары үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің (ауыл шаруашылығы кооперативтерінің) шығындарын ішінара (50%) өтеу;
- бірінші буын будандарының нақты сатып алынған тұқымдары үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің (ауыл шаруашылығы кооперативтерінің) шығындарын ішінара (50%) өтеу;
- нақты сатып алынған элиталық көшеттер үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің (ауыл шаруашылығы кооперативтерінің) шығындарын ішінара (50%) өтеу.
- Пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) құнын субсидиялау
Субсидиялар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге немесе ауыл шаруашылығы кооперативтеріне зиянды (арамшөптерге, бидай трипсіне, шабындық көбелекке, карадринге және жағалау шыбынына) және аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы өңдеу жүргізуге арналған сатып алынған пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) шығындарын өтеу үшін төленеді.
- Тыңайтқыштардың құнын субсидиялау (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда)
Субсидиялар сатып алынған тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) шығындарын өтеу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге немесе ауыл шаруашылығы кооперативтеріне төленеді.
- Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау
Субсидия алушылар ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер болып табылады, олар су берушіден су беру қызметтерін сатып алады және оларды төлеу шығындарын көтеріп алады.
Өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялаудың осы бағдарламасы бойынша 2023 жылға 4,1 млрд. теңге бөлінді.
Анықтама: Субсидиялау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығымен бекітілген Қағидаларға (бұдан әрі – қағидалар) сәйкес жүзеге асырылады.
Бағдарлама шеңберінде қайта өңдеуші кәсіпорындардың оны терең өңдейтін өнімдерді (сары май және қатты ірімшік) өндіру үшін ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуға жұмсаған шығындары субсидиялауға жатады. 2023 жылы бұл мақсаттарға 2,4 млрд. теңге қарастырылған.
Кепілдік берілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің тізбесіне сәйкес қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдетіп қайта өңдеу өнімдерін өндіру үшін сатып алуға жұмсаған шығындары субсидиялауға жатады.
Субсидиялар ағымдағы жылы және өткен жылдың төртінші тоқсанында ауыл шаруашылығы өнімін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден, ауыл шаруашылығы кооперативтерінен және дайындаушы ұйымдардан сатып алуға жұмсалған қайта өңдеу кәсіпорындарына төленеді.