2023 жылғы 4 ақпанда Өскемен қаласында өткен ауыл шаруашылық жәрмеңкесі бойынша ақпарат

2023 жылғы 4 ақпанда  Өскемен қаласында өткен ауыл шаруашылық жәрмеңкесі бойынша ақпарат

2023 жылғы 4 ақпанда  Өскемен қаласында өткен

ауыл шаруашылық жәрмеңкесі бойынша ақпарат

 

Өскемен қаласының тұрғындарын азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында 2023 жылғы 7 қаңтардан бастап аудандардың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің қатысуымен «Фреш Маркет» КЛО аумағында ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу қайта басталады. Осыған байланысты, біз 2023 жылдың 1 тоқсанына арналған жәрмеңкелерді өткізу кестесін бекіттік.

Бекітілген кестеге сәйкес ағымдағы жылғы 4 ақпанда «Фреш Маркет» КЛО аумағында Алтай ауданы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің және Өскемен қаласы кәсіпкерлерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді.

Аталған жәрмеңкеде аудан әкімдігінің ақпараты бойынша жалпы сомасы 10,4 млн. теңгеге 5250 кг ауыл шаруашылығы өнімі ұсынылды, оның ішінде 2150 кг сиыр еті, 1500 кг жылқы еті, 1000 литр күнбағыс майы, 200 кг балық, 400 кг бал бар.

Жалпы, облыс және аудан орталықтарында «демалыс күні» жәрмеңкелерін өткізу әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру және халықты орташа нарықтық бағадан 10-15% төмен бағамен сапалы және табиғи азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етуге оң әсер етеді.

Жыл басынан бері облыстың қалалары мен аудандарында 30 қаңтардағы жағдай бойынша 106,4 млн. теңге сомасына 29 жәрмеңке өткізілді.

11 ақпанда кесте бойынша «Фреш Маркет» КЛО аумағында Самар ауданының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіледі.