
Астық қолхаттарының айналымын құқықтық реттеуді жетілдіру мақсатында 2016 жылғы 9 сәуірде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне астық нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. 2016 жылғы 23 шілдеден бастап астық қолхаттары тек электрондық түрде шығарылады.
Заңның 2-бабының 2-тармағына сәйкес осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін берілген астық қолхаттары олар бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін, бірақ 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін жарамды болады.
Заңның 2-бабының 3-тармағына сәйкес бұрын берілген қағаз түріндегі астық қолхаттарын 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтата тұру қажет.
Осыған байланысты, қағаз түріндегі астық қолхаттарын толық жабуды немесе электрондық жүйеге өткізу қажеттігін ескертеміз.