Бүкіл қоғам сыбайлас жемқорлыққа қарсы      

Бүкіл қоғам сыбайлас жемқорлыққа қарсы      

Ағымдағы жылдың ақпан айында сыбайлас жемқорлықтан адал қоғамды қалыптастыру мақсатында Президенттің Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының Тұжырымдамасы бекітілді.

Осы Тұжырымдаманың негізгі бағыттарын түсіндіру мақсатында Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасында  ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қызметшісін шақырумен 2022 жылғы 2 наурызда семинар өткізілді. ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бас маманы Бекбаева Гульнур Айткурмановна аталған тұжырымдаманы түсіндірді, сондай - ақ ұжым қызметкерлеріне агроөнеркәсіптік кешен саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау қорытындыларын жеткізді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасында тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа назар аударылған. Әлеуметтік зерттеу нәтижелері бойынша парақорлықтың үлкен үлесі тұрмыстық сыбайлас жемқорлықпен байланысты. Өкінішке орай, адамдарда әлі күнге дейін қандай да бір артықшылықтар алу немесе қандай да бір мәселені шешу үшін пара беру оңайырақ деген пікір бар.

Әлеуметтік зерттеулердің қорытындысы бойынша, әлі күнге дейін мемлекеттік ауруханалар, балабақшалар, жер және тұрғын үй қатынастары, сондай-ақ құрылыс салалары сыбайлас жемқорлық көріністері жиі кездесетін бағыттар болып қалуда. Бопсалау немесе қандай да бір заңсыз төлемдерді ұсыну қажет болған жағдайда, еліміздің әрбір азаматы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке колл-орталықтың 1424 телефон нөмірі бойынша жүгініп, өзінің азаматтық борышын орындай алады.

Семинар барысында сыбайлас жемқорлық туралы әлеуметтік бейнероликтер көрсетілді.

Сонымен қатар басқарма қызметкерлерінің барлық сұрақтарына жауап берді.