АӨК-дегі мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру мақсатында және көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын табысты жүргізу үшін 2022 жылы облыстық бюджеттен 6 млрд. 154 млн. теңге субсидия бөлінді, бұл 2021 жылғы деңгейден 577 млн. теңгеге артық, оның ішінде:
– тұқым шаруашылығын қолдауға – 2 млрд. 367 млн. теңге;
– минералдық тыңайтқыштардың құнын арзандатуға – 2 млрд. 136 млн. теңге;
– пестицидтердің құнын арзандатуға – 1 млрд. 472 млн. теңге;
– суармалы суды жеткізу бойынша қызметтердің құнын субсидиялау –
179 млн.теңге.
Өтінімдерді қабылдау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын субсидиялау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Қосымша ақпарат алу үшін ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасының өсімдік шаруашылығы бөліміне 8 7232 700-720, 8 7232 700-722 телефоны бойынша хабарласуға болады.