
Ағымдағы жылы 14 қарашада Шығыс Қазақстан облыстық «Атамекен» ҰКП алаңында кеңейтілген бейнеконференция форматындағы жиын өтті.
Іс-шараны ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасы мен «Ертіс» ӘКК АҚ ұйымдастырды, сонымен қатар «AMANAT» партиясының ШҚО филиалы өкілдері қатысып, ал онлайн талқылауға барлық аудан өкілдері қосылды.
Басты тақырып — 2025 жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру кезінде жаңартылған талаптарды талқылау.
Биылдан бастап Ауылдық елді мекендеде және шағын қалаларда микрокредит беру қағидасына өзгерістер енгізілді. Маңызды бағыттардың бірі — жеке қосалқы шаруашылықтардың (ЖҚШ) қатысуымен кооперация құру. Ауылдық тұрғындарға өндірісті құру, ауыл шаруалығы өнімдерін қайта өндеу саласын дамыту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бөлінетін қаражатты тиімді пайдалану үшін бірігу ұсынылады.
Бұл талаптар мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы және ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу бағыттарына қатысты. Яғни шағын жеке шаруашылықтар біртіндеп кооперативтер құрамында бірлесіп жұмыс істеу форматына көшеді.
Қолданыстағы қағидаға сәйкес қаржыландыру бағыттары қайта қаралды: бөлінген қаржының 40% аспайтын мөлшері мал шаруашылығын дамытуға жұмасалады. Ауыл шаруашылығына жатпайтын қызмет түрлері енді бағдарлама арқылы қаржыландырылмайды.
Бейнеконференция барысында аудандар келесі өзекті мәселелерді атап өтті:
— шағын ауылдарда кооператив құрудың күрделілігі;
— кәсіпкерлердің бұрынғы ережелерге сай әзірлеген жобаларын жаңа талаптарға бейімдеуге үлгермеуі;
— басқа өңірлерден мал тасымалдау шығындарының өсуі;
— ауыл тұрғындары сұранысқа ие бірнеше бағыттың тізімнен шығарылуы.
Ауыл шаруашылығы басқармасының айтуынша, бұл өзгерістер саланы стратегиялық дамытуға бағытталған: өңірдегі мал басын көбейту, өңдеуді күшейту, ірі өндірістік орталықтар құру және сыртқы жеткізушілерге тәуелділікті азайту.
Алдағы қадамдар:
«Ертіс» ӘКК АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қанатбек Мырзабековтың ұсынысы бойынша 19 қарашаға дейін барлық аудандардан күрделі мәселелер тізімі жиналады.
Кәсіпкерлер палатасы оларды жүйелеп, бағдарламаның жеке тармақтарын нақтылау үшін бірыңғай құжат дайындайды.
Қайта талқылау келесі аптада өтеді.
Басты мақсат — бағдарламаны ауыл тұрғындары үшін барынша түсінікті, қолжетімді және ыңғайлы ету, әсіресе кооперация аясында жұмыс істеуге және ісін дамытуға ниетті азаматтар үшін.