АӨК даму жағдайы туралы

АӨК даму жағдайы туралы

Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешені тұрақты дамып келеді және республиканың ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы өндірісінің 6,6% құрайды. 2025 жылдың 1-ші жартыжылдығында облыс бойынша ауыл шаруашылығының ЖІӨ 115795,9 млн. теңгені құрады, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 126,9% өсті. Ауыл шаруашылығының ЖІӨ НКИ 104,8% құрады (ҚР бойынша 103,7%).

138,6 млрд.теңгеге немесе 2024 жылғы деңгейге 122,5% азық-түлік өндірілді. Азық-түлік өндірісінің НКИ 112% - ға жетті (ҚР бойынша 110%).

АӨК өнімінің экспорты 2025 жылғы қаңтар-мамырда 184,7 млн. АҚШ долларын немесе 2024 жылғы деңгейге 124,5% құрады. Өңделген өнімнің үлесі 69,7% - ға жетті (2024 жылы-64,9%).

2025 жылғы қаңтар-маусымда облыс бойынша шаруашылықтардың барлық санаттарында ІҚМ басының саны 423,5 мың басты құрады, өсімі 2024 жылдың сәйкес кезеңіне 108,3%, қой 554,8 мың бас (100,8%), жылқы 242,5 мың бас (104,7%), шошқа 24,5 мың бас (96,1%), құс 3876,7 мың бас (102,7%).

Мал мен құстың барлық түрлерінің (тірі салмақта) ет өндіру көлемі 69,7 мың тоннаны құрады, өсім 2024 жылдың тиісті кезеңіне 101,4% - құрады. Сүт 119,2 мың тонна өндірілді, өсімі 107%.

2025 жылы субсидиялау бағдарламалары шеңберінде облыстың АӨК дамуын қолдауға 26485,3 млн. теңге бөлінді. 2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес 16537,5 млн. теңгеге субсидиялар төленді (жылдық жоспардың 62%).