президенттік жастар кадрлық резервы

президенттік жастар кадрлық резервы
Кімдер қатыса алады?
  • 35 жастан аспаған Қазақстан Республикасының азаматтары
  • Жоғары білімі бар
  • Жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес
  • Мемлекеттік тілді білетіндігі туралы сертификаты бар (В1 деңгейінен төмен емес)
Қазақстан Республикасының Президенті тағайындаған адамдар, саяси қызметшілер, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері, Президенттік жастар кадр резервінде тұрған (бұрын Резервке алынған, сондай-ақ Ұлттық комиссияның шешімі бойынша Резервтен шығарылған) адамдар Резервке іріктеуге қатысуға жіберілмейді.
Қалай қатысуға болады?
  • 2025 жылғы 1 маусым – 30 маусым аралығында pkrezerv.gov.kz сайтына тіркелу, салалық бағытты таңдау және өтінім беру
  • Құжаттарды тіркеу және тапсыру бойынша бейне нұсқаулық
  • Жеке кабинетте профильді толтыру
  • Келесідей қажетті құжаттарды жүктеу:

    - Жоғары білімі туралы дипломдардың көшірмесі
    - Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі
    - Мемлекеттік тілді білетіндігі туралы сертификат (В1 деңгейінен төмен емес)