Меню

Страницы

Статья

Шығыс Қазақстан облысында мал шаруашылығын қолдаудың несиелік бағдарламалары

# Шығыс Қазақстан облысында мал шаруашылығын қолдаудың несиелік бағдарламалары.

Өңіріміздегі мал шаруашылығы секторын дамытуды қалайтын фермерлер мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ (АНК), әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы «Ертіс» ӘКК, несие серіктестіктері (НС) және екінші деңгейдегі банктер (ЕДБ) арқылы жеңілдетілген несие бағдарламалары қолжетімді.

Өңірлік қаржыландыру аясында негізгі бағдарламалар іске қосылды: «Игілік», «Береке», «Жайлау», сондай-ақ айналым қаражатын толықтыруға арналған бағдарламалар.

  1. «Игілік» бағдарламасы

Асыл тұқымды ауыл шаруашылығы малын сатып алу.

Қаржыландыру мақсаты: Шетелдік асыл тұқымды ірі қара малды (ІҚМ) және ұсақ малды (ҰҚМ), отандық және шетелдік асыл тұқымды жылқыларды, түйелерді, шошқаларды, маралдарды, сондай-ақ ара ұяларын сатып алу.

Негізгі шарттары:

- пайыздық мөлшерлемесі: жылдық 6%;

- қаржыландыру мерзімі: 7 жылға дейін;

- жеңілдетілген кезең: 30 айға дейін (негізгі қарыз бен сыйақыны төлеу бойынша).

  1. «Береке» бағдарламасы

Өндіріс көлемін арттыруды және кеңейтуді жоспарлап отырған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қаржыландыру.

Қаржыландыру мақсаты: Шетелдік асыл тұқымды ірі қара малдың (ІҚМ) және ұсақ малдың (ҰҚМ) ірі партияларын сатып алу.

Негізгі шарттары:

- пайыздық мөлшерлемесі: жылдық 6%;

- қаржыландыру мерзімі: 7 жылға дейін;

- жеңілдетілген кезең: 30 айға дейін.

  1. «Жайлау» мал шаруашылығы агробизнесі бағдарламасы

Жаңа репродуктор-фермалар құру үшін негізгі құралдарды және құрылыс-монтаждау жұмыстарын қаржыландыру (300 бастан басталатын ІҚМ / 1 000 бастан басталатын қой).

Сату арналары: ЕДБ, «Ертіс» ӘКК.

Негізгі шарттары:

- пайыздық мөлшерлемесі: жылдық 6% (ЖТСШ — жылдық 6%-дан бастап);

- несие мерзімі: 120 айға дейін (10 жылға дейін);

- жеңілдетілген кезең: 24 айға дейін;

- өз үлесімен қатысу: жоба құнының кемінде 15%-ы.

  1. «Айналым қаражатын толықтыру» мал шаруашылығы агробизнесі бағдарламасы

Бордақылау алаңдары мен құс фабрикаларының ағымдағы операциялық қызметін қамтамасыз ету.

Сату арналары: АНК, НС, ЕДБ, «Ертіс» ӘКК.

Жалпы шарттары:

- пайыздық мөлшерлемесі: жылдық 5% (ЖТСШ — жылдық 5%-дан бастап);

- қаржыландыру мерзімі: 12 айға дейін;

- кепілмен қамтамасыз ету: АНК / ЕДБ / ӘКК кепіл саясатына сәйкес.

 

Барлық сұрақтар бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ (АНК) немесе әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы «Ертіс» (ӘКК)  АҚ өкілдіктеріне хабарласуыңызға болады.

Дата публикации
23 июля 2026
Дата обновления
23 июля 2026
Тип

Сейчас читают

23 июля 2026
Шығыс Қазақстан облысында мал шаруашылығын қолдаудың несиелік бағдарламалары
29 сентября 2025
мемлекеттік қолдау шарасы туралы
Бағыттар
25 сентября 2025
ҚР Елбасының жолдауы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы