|
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ
ҚАУЛЫ
2025 жылғы 25 желтоқсан Өскемен қаласы
|
ВОСТОЧНО-КАЗАХСТАНСКИЙ ОБЛАСТНОЙ АКИМАТ
ПОСТАНОВЛЕНИЕ
№ 316 город Усть-Каменогорск
|
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 90 «Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешені саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Шығыс Қазақстан облысының
әкімі Н. Сақтағанов
|
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы «25» желтоқсандағы № 316 қаулысына қосымша
|
Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2016 жылғы 1 сәуірдегі № 90
қаулысымен бекітілген
Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешені саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1) АӨК субъектілері – агроөнеркәсіптік кешенде қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
2) бюджеттік бағдарламаның әкімшісі – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешенінде инновациялық тәжірибені әзірлеу және тарату мен енгізу жөніндегі бюджеттік бағдарламаға әкімшілік ету бойынша функциялар жүктелген АӨК саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органның уәкілетті органы;
3) ғылыми ұйымдар (бұдан әрі – ҒҰ) – қызметінің негізгі түрлері ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті, оның ішінде зияткерлік меншік объектілеріне құқықты іске асыру, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргізуді жүзеге асыру болып табылатын заңды тұлғалар;
4) инновациялық жобаны іске асыру жөніндегі іс-шара – жергілікті бюджет қаражаты есебінен өңірдің АӨК-не инновациялық жобаны енгізу жөніндегі шаралар кешені;
5) өтінім – АӨК саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органның уәкілетті органына ұсынылатын, осы Қағидаларға қосымшаларға сәйкес белгіленген нысандағы құжаттар топтамасы;
6) өтініш беруші(лер) – инновациялық жобаны іске асыру жөніндегі іс-шаралармен оны жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру үшін енгізу және өңірдің АӨК-не тарату үшін өтінім беретін Қазақстан Республикасының аумағындағы АӨК, ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызмет субъектісі.
2-тарау. Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешені саласындағы инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру тәртібі
1-параграф. Инновациялық жобаларды іріктеу тәртібі
бірінші кезең: бюджеттік бағдарлама әкімшісінің өтінімдерді ресімдеудің толықтығы мен сапасына қарауы, осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі;
екінші кезең: бюджеттік бағдарлама әкімшісінің инновациялық жобаларды іріктеу талаптарына сәйкестігі негізінде өтінімдер бойынша кешенді қорытынды дайындауы;
үшінші кезең: жергілікті атқарушы органның мүдделі мемлекеттік органдарының, ғылымның, бизнестің және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен тұратын Комиссия өтінімдері мен кешенді қорытындысын қарауы, оның құрамы мен ережесін АӨК саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органның уәкілетті органы бекітеді;
төртінші кезең: Комиссияның қорытындысы негізінде бюджеттік бағдарлама әкімшісінің инновациялық жобаны қаржыландыру немесе қаржыландырудан бас тартуы туралы шешім қабылдауы.
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтінімді;
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес инновациялық жобаны (жобаларды) іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын;
3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес инновациялық жобаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына түсіндірме жазбаны;
4) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес инновациялық жобаны (жобаларды) іске асыру жөніндегі іс-шаралар шығыстарының сметасын;
5) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі (бұдан әрі – ҚР ҒЖБМ) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттеу туралы куәлікті;
6) заңды тұлғалар үшін:
жарғының және мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесін;
соңғы екі жылдағы қаржылық есептіліктің көшірмесін;
есебі салық органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы салық заңнамасымен белгіленген нысан бойынша мәліметтерді;
өтініш берушінің өтініш берген күннің алдындағы үш айдан астам уақыт ішінде банк (банктер) алдындағы мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы бірінші басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның қолы қойылған және банктің (банктердің) мөрімен банктің (банктердің) анықтамасының түпнұсқасын (егер өтініш беруші бірнеше екінші деңгейдегі банктердің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылған жағдайда, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады);
аграрлық бейіндегі ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық салалардағы жұмыстарды орындауға өтініш берушінің біліктілігін растайтын лицензиялардың, патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың және басқа да құжаттардың көшірмелерін;
өңірдің АӨК-ке инновациялық жобаны енгізуге бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру үшін өтініш берушінің өзінің ғылыми-техникалық және материалдық-өндірістік базасын ұсыну туралы міндеттемесін растайтын құжаттарды (мәліметтер) (болған жағдайда);
7) жеке тұлғалар үшін:
көшірменің құжат түпнұсқасымен дұрыстығын куәландыру туралы куәландыру жазбасы бар Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесін;
есебі салық органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы салық заңнамасымен белгіленген нысан бойынша мәліметтерді;
аграрлық бейіндегі ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық салалардағы жұмыстарды орындауға өтініш берушінің біліктілігін растайтын лицензиялардың, патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың және басқа да құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін;
инновациялық жобаны енгізуге бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру үшін өзінің ғылыми-техникалық және өндірістік базасын ұсыну туралы оның міндеттемесін растайтын құжаттарды (мәліметтер) (болған жағдайда) тапсыру қажет.
Өтінім қабылданбаған кезде ұсынылған құжаттар өтініш берушіге қайтарылады.
өтініш берушінің(лердің) материалдарының осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі;
жобаның инновациялық бағыты, техникалық іске асырылуы және оның Шығыс Қазақстан облысының аумағында АӨК-ге енгізуге және таратуға дайындық деңгейі;
Шығыс Қазақстан облысы мен Қазақстан Республикасының АӨК дамытудың басым бағыттарының өзектілігі мен сәйкестігі;
Шығыс Қазақстан облысының АӨК-де инновациялық жоба қаражатын игеру және инновациялық жобаның одан әрі перспективасы туралы егжей-тегжейлі тұжырымдалған пайымның болуы;
инновациялық жобаларды орындау үшін жабдықтардың, инфрақұрылымның және ресурстардың болуы;
инновациялық жобаның бәсекеге қабілеттілігі;
инновациялық жобаның экономикалық орындылығы.
Инновациялық жобаны қаржыландыруға берілген бюджет қаражаты бекітілген шығыстар сметасында көзделмеген мақсаттарға алынған бюджет қаражаты пайдаланылған жағдайда жергілікті бюджетке толық қайтарылуға жатады.
2-параграф. Конкурстық Комиссия қызметін ұйымдастыру
1) комиссия мүшелері мен өтінім берушілерді отырыс өтетін күннен кемінде үш жұмыс күні бұрын оның күні, уақыты, форматы және өткізу орны туралы хабардар етуді;
2) отырыстың күн тәртібі бойынша ұсыныстар мен құжаттарды дайындауды, комиссия отырысының күн тәртібін қалыптастыруды және оны жариялауды;
3) комиссия отырысының хаттамасына енгізілетін дауыс беру нәтижелерін есептеуді және оларды жариялауды;
4) комиссия отырысының хаттамасын жүргізуді және комиссия мүшелерінің қолдарымен ресімдеуді және хаттаманы сақтауды;
5) хаттама бекітілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде комиссия отырысы хаттамасынан үзінді көшірмені қоса берумен таңдау нәтижесі туралы ақпаратты өтінім берушіге жолдауды қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Үзінді көшірме нақты өтінімге қатысты комиссия отырысы хаттамасының деректерін ғана қамтиды.
3-параграф. Инновациялық жобаларды іріктеу шарттары
Шығыс Қазақстан облысының жағдайларына қатысты АӨК саласында қолданбалы сипаттағы ғылыми жетістіктерді (әзірлемелерді) енгізуге;
АӨК субъектілерінде Шығыс Қазақстан облысының табиғи-климаттық, әлеуметтік-экономикалық және өзге де жағдайларына қатысты инновациялық агротехнологияларды енгізуге және таратуға беріледі.
ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің технологиялық процестерін енгізу және тарату;
инженерлік объектінің немесе техникалық жүйенің конструкцияларын Шығыс Қазақстан облысының АӨК-не енгізу және тираждау (конструкторлық жұмыстар);
ғылыми және инновациялық технологиялардың тәжірибелік үлгілерін енгізу және тарату (жасалған инновацияның қағидаттық ерекшеліктері бар түпнұсқа модельдер);
селекциялық жетістіктерді енгізу және тарату;
аграрлық өндірістің экономикалық модельдерін және АӨК инфрақұрылымдық объектілерін енгізу және тарату.
Шығыс Қазақстан облысының АӨК субъектілерінде ауыл шаруашылығы өнімін өндірудің жетілдірілген технологиялық процестерін ұйымдастыру;
Шығыс Қазақстан облысының АӨК субъектілерінде қолданбалы сипаттағы ғылыми әзірлемелерді енгізу және тарату туралы есеп;
Шығыс Қазақстан облысының АӨК субъектілерінде селекциялық жетістіктерді енгізу және тарату туралы есеп;
Шығыс Қазақстан облысының АӨК субъектілерінде өндіріске ұсынылатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің тәжірибелік үлгілерін енгізу туралы есеп;
Шығыс Қазақстан облысының АӨК субъектілерінде ұсынылатын ауыл шаруашылығы өнімін немесе жабдығын өндіруге технологиялық (конструкторлық) құжаттаманы беру туралы есеп;
Шығыс Қазақстан облысының АӨК субъектілерінде нақты инновациялық технологияларды, инновациялар мен ғылыми әзірлемелерді енгізу және тарату бойынша өңірлік кеңес (семинарлар, дала күндері және т.б.) өткізу туралы есеп болып табылады.
инновациялық жобаларды енгізу мен таратудан алынған нәтижелердің сандық және сапалық көрсеткіштері, олар еңбек өнімділігін жақсартуға және өтініш беруші өндірісінің тиімділігіне және аудан (облыс) экономикасына әсерін бағалай отырып, нақты нәтижелерді қамтуы тиіс;
бұрын пайдаланылған технологиялармен салыстырғанда инновациялық жобаларды енгізу жөніндегі іс-шараларды іске асырудан Шығыс Қазақстан облысының АӨК және ауыл шаруашылығы өндірісі субъектісі үшін экономикалық тиімділік;
Шығыс Қазақстан облысының АӨК дамыту контекстінде инновациялық жобаны енгізу нәтижелерін, аграрлық нарықтағы жағдайды экономикалық бағалау;
АӨК нақты субъектісі жағдайында енгізу процестерін ғалымдардың жеке сүйемелдеу жолымен жоба іс шараларын енгізуден технологиялық тәуекелдерді барынша азайту және тиімді іске асырудан барынша табыс алу.
ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың (бұдан әрі – ҒЗТКЖ) нәтижелерін өндіріске енгізуді ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу, оның ішінде ғылыми шығыс материалдарын сатып алу бойынша консультациялық қызметтер;
зертханалық талдау жүргізу, оның ішінде енгізу нәтижелері бойынша;
АӨК субъектілерінің немесе аграрлық бейіндегі ғылыми және тәжірибелік пен өзге де ұйымдардың өндірістік базасында инновациялық жобаны (дала күндері және т.б.) енгізу бойынша ғылыми-практикалық семинар-кеңестер өткізу;
ҒЗТКЖ тәжірибесі мен нәтижелерін тарату (презентациялар, мақалалар жариялау, брошюралар, буклеттер дайындау және басып шығару, бейнематериалдар дайындау).
мерзімі бойынша – 36 (отыз алты) айдан;
сомасы бойынша – 60 (алпыс) миллион теңгеден артық емес болып айқындалады.
Шығыс Қазақстан облысының
агроөнеркәсіптік кешені саласында
инновациялық жобаларды іріктеуді
ұйымдастыру қағидаларына
1-қосымша
Өтінім нысаны
|
1. |
Тіркеу нөмірі және күні (бюджеттік бағдарлама әкімшісінің қызметкерлері толтырады) |
|
|
2. |
Инновациялық жобаның атауы |
|
|
3. |
Шығыс Қазақстан облысының АӨК-де инновациялық тәжірибені енгізу және тарату саласы (кіші саласы) |
|
|
4. |
Инновациялық жобаларды іске асыру жөніндегі іс-шараның қысқаша сипаттамасы (жобаның негізгі мақсаттары мен мәнін, жоба нәтижелерінің нақты қолданылуын, ұқсас жобаларды іске асыруға қатысу тәжірибесін көрсету) |
|
|
5. |
Жобаның ұзақтығы (айларда) |
|
|
6. |
Жобаның басталу және аяқталу күндері |
|
|
7. |
Сұралған қаражаттардың сомасы (теңгемен) |
|
|
8. |
Атауы, мекен-жайы, телефон/факсі, өтінім білдірушінің (лердің) электрондық мекен-жайы |
|
|
9. |
Өтінім білдірушілердің байланыс тұлғасының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), мекен-жайы, телефоны, электрондық мекен-жайы |
|
|
10. |
Инновациялық жобаның басшысы (ҒЗҰ қызметкері) (аты, жөні және лауазымы, телефон/факсі, электрондық мекен-жайы көрсетіледі) |
|
|
11. |
Инновациялық жобаларды іске асыру бойынша іс-шараны жүзеге асыруға қатысушы АӨК субъектілерінің атауы, мекен-жайы, телефон/факсі, электрондық мекен-жайы |
|
Шығыс Қазақстан облысының
агроөнеркәсіптік кешені саласында
инновациялық жобаларды іріктеуді
ұйымдастыру қағидаларына
2-қосымша
Инновациялық жобаны (жобаларды) іске асыру бойынша
іс-шаралар жоспары
(атауын көрсету)
|
Жұмыс түрлері |
Күтілетін нәтижелер (1 жыл) |
|||
|
1 тоқсан |
2 тоқсан |
3 тоқсан |
4 тоқсан |
|
|
1. |
|
|
|
|
|
2. |
|
|
|
|
|
Жұмыс түрлері |
Күтілетін нәтижелер (1 жыл) |
|||
|
1 тоқсан |
2 тоқсан |
3 тоқсан |
4 тоқсан |
|
|
1. |
|
|
|
|
|
2. |
|
|
|
|
|
Жұмыс түрлері |
Күтілетін нәтижелер (1 жыл) |
|||
|
1 тоқсан |
2 тоқсан |
3 тоқсан |
4 тоқсан |
|
|
1. |
|
|
|
|
|
2. |
|
|
|
|
Шығыс Қазақстан облысының
агроөнеркәсіптік кешені саласында
инновациялық жобаларды іріктеуді
ұйымдастыру қағидаларына
3-қосымша
Инновациялық жобаны (жобаларды) іске асыру бойынша
іс-шаралар жоспарына түсіндірме жазба
толық атауы;
негізгі өтініш берушінің және АӨК субъектілерінің инновациялық жобаларын іске асыру жөніндегі іс-шараға қатысушылардың қызметін сипаттау;
негізгі мамандар, олар орындайтын жұмыстардың түрлері (түйіндеме және біліктілігін растайтын құжаттармен қоса);
осы бағдарлама шеңберінде басқа жобаларды іске асыру туралы ақпарат.
АӨК субъектісінен – жеке тұлғадан өтінім ұсынылған жағдайда білімін, жасын, негізгі қызмет түрлері мен жұмыс тәжірибесі көрсетіледі.
Бұрын пайдаланылған технологиялармен салыстырғанда инновациялық жобаларды іске асыру жөніндегі іс-шараны іске асырудан экономикалық пайданы көрсету, Шығыс Қазақстан облысының АӨК-ін дамыту, аграрлық нарықтағы ахуал тұрғысынан іс-шараның орындылығы негізделеді (1 беттен артық емес).
Шығыс Қазақстан облысының
агроөнеркәсіптік кешені саласында
инновациялық жобаларды іріктеуді
ұйымдастыру қағидаларына
4-қосымша
Инновациялық жобаларды іске асыру бойынша іс-шаралар шығындарының сметасы¹
(атауын көрсету)
мың теңге
|
№ |
Шығындар бабы[1] |
Өлшем бірлігі |
Баға |
Құны |
Оның ішінде айлар бойынша |
|||||||||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
|||||
|
1. |
Жалақы |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
1.1. |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
1.2. |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2. |
Іссапар шығындары |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2.1. |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2.2. |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3. |
Тікелей шығындар |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3.1. |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3.2. |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
4. |
Үстеме шығындар |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Барлығы: |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
[1] Инновациялық жобаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралардың әр жылына жеке көрсетіледі
² Бюджет қаражатынан және өтініш берушілердің өз қаражатынан (бар болса) қаржыландырылатын шығыстарды жеке көрсету