Аквашаруашылық саласында су беру бойынша көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 30 қазандағы № 406 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 31 қазанда № 37294 болып тіркелді
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.
"Аквашаруашылық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан күннен кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Сапаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау
және дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық, даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Стратегиялық
жоспарлау және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және
ирригация министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
|
|
Қазақстан Республикасының |
Аквашаруашылық саласында су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1) ақпараттандыру объектісі – субсидия алуға арналған өтінішті тіркеу, сондай-ақ өтінішті субсидиялау шарттарына сәйкестігін автоматты түрде тексеру арқылы оны өңдеу мүмкіндігін беретін, субсидиялау процестерін орындау бойынша қызметтер көрсетуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығын білдіретін агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – АӨК СМАЖ);
2) жеке шот – субсидиялауға арналған өтінімдердің электрондық тізілімінде қамтылған, субсидиялауға арналған ұсыныстар мен өтінімдерді тіркеу және олар бойынша операцияларды есепке алу мақсатында тіркелген тұлғаны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін жазбалар жиынтығы;
3) өтпелі өтініш (бұдан әрі – өтініш) – су пайдаланушының көрсетілетін қызметті алушыларға жеткізген суы үшін субсидиялар алуға арналған электрондық өтініш;
4) су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер – каналдар арқылы су беру, суару үшін су беру бойынша және тірек гидротехникалық құрылысжайлардың көмегімен жерүсті су ағынын реттеу бойынша көрсетілетін қызметтер бөлігінде су пайдаланушының аквашаруашылық саласындағы су тұтынушыға су беруі;
5) субсидиялауға арналған өтінімдердің электрондық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – көрсетілетін қызметті алушылар берген субсидиялауға арналған өтініштер, қаржы институттары туралы мәліметтердің және субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде көрсетілген өзге де мәліметтердің жиынтығы;
6) субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің веб-порталы (бұдан әрі – веб–портал) – Интернет желісінде орналасқан, субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесіне қолжетімділік беретін интернет-ресурс;
7) субсидиялау – бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, нақты субсидия алушыларды өтеусіз және қайтарымсыз негізде қаржыландыру;
8) су пайдаланушы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен су пайдалану құқығын иеленетін және оны іске асыратын жеке немесе заңды тұлға;
9) су тұтынушы – су беру бойынша су шаруашылығы ұйымдарының немесе су пайдаланушылардың көрсетілетін қызметтерін пайдаланатын не ортақ су пайдалану тәртібімен су объектілерінен су тұтынатын жеке немесе заңды тұлға;
10) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – электрондық үкіметтің порталы) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру бойынша қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;
11) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.
1) қарсы міндеттемелердің орындалмауына жол берген және ақшаны қайтармаған;
2) басшылары, құрылтайшылары (акционерлері) бұрын қарсы міндеттемелердің орындалмауына жол берген және ақшаны қайтармаған аквашаруашылық субъектілерінің, аквашаруашылықты дамытуды қамтамасыз ететін субъектілердің бұрын басшылары, құрылтайшылары (акционерлері) болып табылған аквашаруашылық субъектілеріне, аквашаруашылықты дамытуды қамтамасыз ететін субъектілерге берілмейді.
Егер аквашаруашылық субъектісі, аквашаруашылықты дамытуды қамтамасыз ететін субъект Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен қарсы міндеттемелерді тиісінше орындау еңсерілмейтін күштің салдарынан мүмкін болмағанын дәлелдесе, осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері қолданылмайды.
"Реттеліп көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 54-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35951 болып тіркелген) сәйкес су пайдаланушыларға аквашаруашылық саласындағы су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің, аквашаруашылық саласындағы су тұтынушыларға каналдар арқылы су беру, суару үшін су беру және жерүсті су ағынын тірек гидротехникалық құрылысжайлардың көмегімен реттеу бойынша көрсетілетін қызметтер бөлігінде көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялануы тиіс.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
"Аквашаруашылық саласындағы су беру бойынша қызметтердің құнын субсидиялау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізілуін қамтамасыз етеді.
Қағидалар шеңберінде субсидиялау кезінде көрсетілетін қызметті алушылар су пайдаланушыға қолданыстағы тариф пен тарифтің субсидияланатын бөлігі арасындағы айырманы төлейді, ал қалған бөлігі су пайдаланушыға субсидия түрінде төленеді. Бұл ретте субсидияларды төлеу жөніндегі барлық шарттар су пайдаланушы мен көрсетілетін қызметті алушылар арасындағы шартта айқындалады.
Уәкілетті орган мақұлданған субсидия көлемін тиісті ілеспе хатпен қайтарады не тиісті жылдың 15 қаңтарынан кешіктірмей бюджет қаражатының көлемін пысықтауға жібереді. Бюджет қаражатының көлемін пысықтау мерзімі бес жұмыс күнін құрайды.
Электрондық шот-фактура электрондық шот-фактураларды қабылдау мен өңдеу жөніндегі ақпараттық жүйеден (бұдан әрі – ЭШФ АЖ) АӨК СМАЖ-ға өтініш бергенге дейін ЭШФ АЖ-да контрагентті растай отырып, "сұрақ-жауап" режимінде сұратылады (сұратылған электрондық шот-фактура субсидияларды алу үшін электрондық шот-фактураны пайдалануды растау кезінде ЭШФ АЖ-да автоматты түрде бұғатталады).
2-тарау. Аквашаруашылық саласында су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау тәртібі
1-параграф. Субсидияларды алу шарттары
1) көрсетілетін қызметті алушылардың электрондық үкіметтің порталы арқылы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша су беру бойынша көрсетілетін қызметтерге субсидиялар алуға өтініш беруі;
2) өтінішті АӨК СМАЖ-да тіркеу;
3) АӨК СМАЖ-да деректері АӨК СМАЖ-дың "Заңды тұлғалар" немесе "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорларымен ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде расталған көрсетілетін қызметті алушылардың және су пайдаланушылардың жеке шотының болуы;
Веб-порталда жеке шоттың болуы көрсетілетін қызметті алушылардың АӨК СМАЖ-да өтінішті тіркеуді өз бетінше жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда өтінішті беру талап етілмейді және ол осылай тіркелген сәттен бастап берілген болып саналады;
4) АӨК СМАЖ бен ЭШФ АЖ ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде су беру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жұмсалған шығындардың расталуы (су пайдаланушының тиісті электрондық шот-фактурасының болуы);
5) көрсетілетін қызметті алушыларда АӨК СМАЖ-дың жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесімен өзара ақпараттық іс-қимыл нәтижесінде расталған, тиісті алаңда жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында жер учаскелерінің болуы;
6) аквашаруашылық объектілерін өсіру бойынша жобалық қуаты жылына 25 тоннадан басталғанда (аквашаруашылық субъектілері үшін).
2-параграф. Субсидияларды есептеу тәртібі
Су пайдаланушының су тұтынушыға берген судың 1 (бір) м3 субсидия мөлшері су беру тәсіліне қарамастан, қосылған құн салығынсыз (бұдан әрі – ҚҚС) тарифтерден пайыздық (бұдан әрі – %) қатынаста сараланған түрде белгіленеді және мыналарды құрайды:
|
Тариф |
Субсидиялау пайызы |
|
м3-іне 2,0 (екі) теңгеге дейін |
60% |
|
м3-іне 2,01 теңгеден (екі бүтін жүзден бір) 4,0 (төрт) теңгеге дейін |
65% |
|
м3-іне 4,01 теңгеден (төрт бүтін жүзден бір) 9,0 (тоғыз) теңгеге дейін |
70% |
|
м3-іне 9,01 теңгеден (тоғыз бүтін жүзден бір)15,0 (он бес) теңгеге дейін |
75% |
|
м3-іне 15,01 теңгеден (он бес бүтін жүзден бір) 20,0 (жиырма) теңгеге дейін |
80% |
|
м3-іне 2,0 (екі) теңгеге дейін |
85% |
S = T * % тарифтердің бекітілген мөлшеріне сәйкес,
мұндағы:
S – берілген судың м3 арналған субсидия мөлшері, теңге;
T – м3-ге бекітілген тариф (ҚҚС-сыз), теңге.
3-параграф. Субсидияларды төлеу тәртібі
Көрсетілетін қызметті беруші жыл сайын уәкілеттік органға ЭЦҚ-сы бар өз жұмыскерлерінің өзектендірілген тізімін жолдайды.
1) дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғалар үшін – жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), аты, әкесінің аты (бар болса), тегі;
2) заңды тұлғалар үшін – бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), толық атауы, бірінші басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және ЖСН-сы;
3) байланыс деректері (почталық мекенжайы, телефоны, электрондық мекенжайы);
4) субсидия алу үшін су пайдаланушының екінші деңгейдегі банктегі банктік шотының деректемелері.
Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде көрсетілетін қызметті алушылар немесе су пайдаланушылар 2 (екі) жұмыс күні ішінде "жеке кабинетте" деректерін өзгертеді.
1) Қағидалардың 10-тармағының талаптарына сәйкес АӨК СМАЖ тексеруі үшін қажетті мәліметтер енгізіле отырып, өтініш қалыптастырылады;
2) өтініш көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сын қою арқылы АӨК СМАЖ-да тіркеледі және көрсетілетін қызметті берушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады. Веб-порталда көрсетілген көрсетілетін қызметті берушінің электрондық мекенжайына өтініштің қарауға келіп түскені туралы электрондық хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Өтініштер келіп түскен күні мен уақытына сәйкес кезектілік бойынша қаралады.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдауды көрсетілетін қызметті беруші хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.
Тыңдау рәсімі Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР АӘРПК) 73-бабына сәйкес жүргізіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы тыңдауға ұсынған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидия беру туралы хабарламаны не Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды ресімдейді және оның көрсетілетін қызметті алушының және су пайдаланушының СМАЖ-ғы "жеке кабинетіне" жіберілуін қамтамасыз етеді.
Алдыңғы екі (2) жыл қатарынан еңсерілмейтін күштің мән-жайлары туындағанын растайтын құжаттар болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының қарсы міндеттемелері орындалмаған болып есептеледі және субсидиялар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджетке қайтарылуға тиіс.
Аквашаруашылық субъектілері, аквашаруашылықты дамытуды қамтамасыз ететін субъектілер өз қызметін тоқтатқан жағдайда субсидия алған күннен бастап бес жыл ішінде, аквашаруашылықты субсидиялау шеңберінде алған қаражаттарын толық немесе ішінара қайтаруға міндетті.
Қарсы міндеттемелердің қол жеткізілген орындалу деңгейін есептеу мына формула бойынша жүргізіледі:
А = Б х (1 – (В/60)),
мұндағы:
А – субсидияларды қайтару сомасы;
Б – берілген субсидиялар сомасы;
В – жұмыс істеген айлар саны.
Көрсетілетін қызметті берушінің сұралатын ақпараттың тізбесін сұратуы туралы хабарламаны "жеке кабинетке" және көрсетілетін қызметті алушы АӨК СМАЖ-ға тіркеу кезінде көрсеткен электрондық почта мекенжайына жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы 15 (он бес) жұмыс күні ішінде сұратылған ақпаратты АӨК СМАЖ-ға орналастыру жолымен ұсынады.
Бұл ретте:
1) нақты орындалу көрсетілетін қызметті алушы ұсынған және құжаттармен расталған деректердің, сондай-ақ АӨК СМАЖ-да қамтылған мәліметтердің негізінде айқындалады;
2) жоспарлы міндеттеме көрсетілетін қызметті алушының субсидия алу үшін АӨК СМАЖ арқылы өтініш берген кезінде қалыптастырылады;
3) 100 пайыз көрсеткіші қарсы міндеттемелердің толық орындалуын білдіреді;
4) 100 пайыздан төмен көрсеткіш қарсы міндеттемелердің ішінара орындалуын білдіреді;
5) 0 пайыз көрсеткіші қарсы міндеттемелердің орындалмағанын білдіреді.
Орындалу пайызын есептеуді көрсетілетін қызметті беруші АӨК СМАЖ арқылы көрсетілетін қызметті алушы ұсынған деректер мен жүйеде қамтылған ақпараттың негізінде автоматты түрде жүзеге асырылады.
4-параграф. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым келіп түскен көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) шағымды жібермеуге құқылы.
көрсетілетін қызметті беруші – ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау бойынша уәкілетті орган – ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда, 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарау өкілеттігі берілген лауазымды адам жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімін ұзарту туралы хабардар етеді.
|
|
Аквашаруашылық саласында су |
"Аквашаруашылық саласында су беру бойынша қызметтердің құнын субсидиялау қағидалары" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
|
1 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы |
Аквашаруашылық саласында су беру бойынша қызметтердің құнын субсидиялау |
|
|
2 |
Көрсетілетін қызметті беруші |
Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. |
|
|
3 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері |
Жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) өтініштерін қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру ақпараттандыру объектісі – агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – АӨК СМАЖ), электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. |
|
|
4 |
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
7 (жеті) жұмыс күні |
|
|
5 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
Электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
|
|
6 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Субсидия беру туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық. |
|
|
7 |
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Тегін |
|
|
8 |
Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); 2) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары тиісті көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылған. |
|
|
9 |
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі |
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес аквашаруашылық саласындағы уәкілетті орган бекітетін аквашаруашылық саласындағы су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге субсидиялар алуға арналған өтініш. Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, көрсетілетін қызметті алушылар мен су пайдаланушылардың АӨК СМАЖ -да дербес шоттың болуы туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыларда тиісті алаңның жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығындағы жер учаскелерінің болуы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші электрондық үкіметтің "шлюзі" арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. Аквашаруашылық саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесімен келісілген аквашаруашылық саласындағы балық өсіру-биологиялық негіздеменің электрондық көшірмесі. |
|
|
10 |
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; 3) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы. |
|
|
11 |
Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті" және бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777. |
|
|
|
Аквашаруашылық саласында су |
||
Су беру бойынша көрсетілетін қызметтерге субсидиялар алуға өтініш
|
|
Әкімшілік деректерді |
Ұсынылады: облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының аквашаруашылық саласындағы функцияларды іске асыратын құрылымдық бөлімшесіне
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан https://gosagro.kz/auth/login интернет-ресурсында орналастырылған
Әкімшілік нысанның атауы: су беру бойынша көрсетілетін қызметтерге субсидиялар алуға арналған өтініш
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: № АКВА030000 нысаны
Кезенділігі: бір реттік
Есепті кезең: тиісті жыл
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: аквашаруашылық субъектісі немесе аквашаруашылықтың дамуын қамтамасыз ететін субъект
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: тиісті жылдың 1 мамырынан 30 қарашасына дейін (қоса алғанда)
|
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі |
|
Жинау әдісі: электрондық түрде
1-кесте. Өтініш беруші туралы мәліметтер:
|
1 |
Аквашаруашылық субъектісі немесе аквашаруашылықтың дамуын қамтамасыз ететін субъект (атауы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) |
|
|
2 |
Өтініш берушінің мекенжайы (индексі, қаласы, ауданы, облысы, көшесі, үйі, телефоны) |
|
|
3 |
Басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі |
|
|
4 |
Өтінім берушінің деректемелері (жеке тұлғалар (дара кәсіпкер) үшін – жеке сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғалар үшін – бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), бірінші басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және жеке сәйкестендіру нөмірі); |
|
|
5 |
Жеке тұлға үшін дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарлама |
|
|
6 |
Кәсіпкерлік субъектісінің санаты |
|
|
7 |
ЭҚЖЖ сәйкес сыныптың төрт таңбалы коды (Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша код) |
|
|
8 |
Байланыс телефондары |
|
2-кесте. Жер пайдалану немесе жеке меншік құқығында тиесілі жер учаскесіне сәйкестендіру және (немесе) құқық белгілейтін құжат
|
№ |
Кадастрлық нөмірі |
Алаңы, гектар (бұдан әрі – га) |
Нысаналы мақсаты |
Жер учаскесі иесінің немесе жер пайдаланушының атауы |
|
|
барлығы |
оның ішінде аквашаруашылыққа арналған |
||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
|
|
|
|
|
|
3-кесте. Дереккөз туралы мәліметтер:
|
1 |
Дереккөздің атауы (өзен, бұлақ, суландыру жүйесі, субөлгіш, сутаратқыш) |
|
|
2 |
Су пайдаланушының тарифі (теңгемен) |
|
|
3 |
Су пайдаланушымен жасалған су беру бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну туралы шарттың көшірмесі |
|
|
4 |
Бірлік өлшемдерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген есепке алу аспабының не өлшеу құралы мен құрылғысының атауы, су үнемдейтін технологияларды енгізу актісінің нөмірі және күні |
|
|
5 |
Алынған суға алғашқы төлем құжаттары (төлем құжатының нөмірі) |
|
4-кесте. Шаруашылық қызмет түрлері бойынша суды тұтыну көлемі:
|
Тоған шаруашылық қызметі/индустриялық шаруашылық қызметі/өсімді молайту шаруашылық қызметі/аквашаруашылық объектілері үшін азық өндіруге байланысты қызмет/балық өсіру саласында селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс |
Балық өсіретін тоғандарға (га) және (немесе) бассейндерге (шаршы метр) арналған алаң |
Су тұтыну көлемі, мың текше метр (бұдан әрі-м3) |
||
|
Балық өсіретін тоғанның ең жоғары сыйымдылығы, м3 |
Балық өсіру бассейнінің ең жоғары сыйымдылығы, м3 |
Су тұтыну көлемі м3 |
||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
|
|
|
|
|
5-кесте. Су пайдаланушының екінші деңгейдегі банктегі ағымдағы шоты туралы мәліметтер:
|
1 |
Банктің атауы |
|
|
2 |
Субсидиялар алу үшін екінші деңгейдегі банктегі банктік шоттың деректемелері |
|
|
3 |
Банктік сәйкестендіру коды |
|
|
4 |
Корреспонденттік шот |
|
|
5 |
БСН |
|
|
6 |
Бенефициар коды |
|
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, жеке деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеуге және пайдалануға, сондай-ақ көрсетілген мемлекеттік қызмет бойынша деректерді бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға беруге келісім беремін.
Аквашаруашылық субъектісі немесе аквашаруашылықтың дамуын қамтамасыз ететін субъекті 20___жылғы "__" сағат_____-де қол қойып, жіберді.
Электрондық цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі – ЭЦҚ) алынған деректер
Өтініштің қабылданғаны туралы хабарлама:
20___жылғы "__" _______ сағат____ қабылданды.
|
Атауы Наименование______________________ ___________________________________ |
Мекенжайы Адрес_______________________ ____________________________ |
Телефоны
Телефон _____________________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы/ Адрес электронной почты
_____________________________________________________________________
Орындаушы
Исполнитель ___________________________________________ ______________
аты және әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы, телефон
фамилия, имя и отчество (при его наличии) подпись, телефон
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
Руководитель или лицо, исполняющее его обязанности
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
аты және әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы
фамилия, имя и отчество (при его наличии) подпись
Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын тұлғаларды қоспағанда)
Место для печати (за исключением лиц, являющихся субъектами частного
предпринимательства) _________________________________________________
|
|
Әкімшілік деректерді өтеусіз |
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Су беру бойынша көрсетілген қызметтерге субсидиялар алуға арналған өтініш" нысанын толтыру бойынша түсіндірме (индексі: № АКВА030000 нысаны, кезеңділігі бір реттік)
1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
|
|
Аквашаруашылық саласында су |
Субсидия беру туралы хабарлама
Құрметті _________________________________________________
(аквашаруашылық субъектісінің атауы/ аквашаруашылықтың дамуын қамтамасыз ететін субъект)
Сіздің 20___ жылғы "__" _________ №________ өтінішіңіз бойынша су
пайдаланушының №________ есептік шотына 20___ жылғы "__" __________
төлем тапсырмасымен _______________ теңге мөлшерінде субсидия сомасы
аударылғаны туралы хабарлаймыз.
|
|
Аквашаруашылық саласында су |
Мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту
Құрметті (аквашаруашылық субъектісінің атауы/аквашаруашылықтың дамуын қамтамасыз ететін субъект)
Сіздің 20___ жылғы "__" _________ №__________ өтінішіңіз бойынша
субсидия беруден
__________________________________________________
___________________________________себепті бас тартылды.
|
|
Аквашаруашылық саласында су |
Көрсетілетін қызметті алушының қарсы міндеттемелерді орындау деңгейі туралы ақпарат ____ жыл
|
№ |
Аквашаруашылық субъектісінің/аквашаруашылықтың дамуын қамтамасыз ететін субъектінің атауы |
Аквашаруашылық субъектісінің бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі |
Субсидиялардың атауы |
Қарсы міндеттемелердің атауы |
Орындалу пайызы |
||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
||
|
|
|
|
|
|
|
||
|
|
|
|
|
|
|
||
|
|
Аквашаруашылық саласында су |
|
|||||
Ұсынылады: аквашаруашылық саласындағы уәкілетті органға және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Әкімшілік нысанның атауы: "Аквашаруашылық саласында су беру бойынша көрсетілетін қызметтерге арналған субсидияларды пайдалану туралы есеп"
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: № 7-аква нысаны
Кезеңділігі: жыл сайын
Есепті кезең: 20____ жыл
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: жыл сайын, есепті жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей
|
Бизнес сәйкестендіру нөмірі |
|
Жинау әдісі: электрондық түрде
|
№ |
Аквашаруашылық субъектісінің немесе аквашаруашылықтың дамуын қамтамасыз ететін субъектінің атауы |
Бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі |
Кәсіпкерлік субъктісінің санаты (ірі, орта, шағын) |
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің нысаны |
Шаруашылық қызмет түрінің атауы (тоған шаруашылық қызметі, индустриялық шаруашылық қызметі, өсімді молайту шаруашылығы қызметі, аквашаруашылық объектілері үшін азық өндіруге байланысты қызмет / балық шаруашылығы саласындағы селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс |
Тұйықталған сумен жабдықтау бассейндердің қондырғысы көлемі және саны (текше метр) |
Балық өсіру тоғандарының және (немесе) балық өсіру бассейндерінің алаңы және саны (гектар) |
Су беру лимиті, мың текше метр |
Сумен жабдықтау тәсілі |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
|
|
|
|
Аудан |
|||||||
|
1 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Барлығы |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Аудан |
|||||||
|
1 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Барлығы |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жиыны |
|
|
|
|
|
|
|
|
кестенің жалғасы
|
Төленген су көлемі, мың (текше метр) |
Субсидиялар мөлшері, (бір текше метрге теңге) |
Төленген субсидиялар сомасы, мың теңге (10*11) |
Облыс мәслихаты бекіткен сома, мың теңге |
Ауытқу, мың теңге (13-12) |
|
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
|
Аудан |
||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Аудан |
||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Атауы __________________________________________________________
Мекенжайы _____________________________________________________
Телефоны_______________________________________________________
Электрондық почтасының мекенжайы _______________________________
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам _________________________
(электрондық цифрлық қолтаңбасы) _________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі))
Ескертпе: әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Аквашаруашылық саласында су беру бойынша қызметтерге субсидияларды пайдалану туралы есеп" нысанын толтыру бойынша түсіндірме "Аквашаруашылық саласында су беру бойынша қызметтерге субсидияларды пайдалану туралы есеп" өтеусіз негізде әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға қосымшада көрсетілген.
|
|
Әкімшілік деректерді өтеусіз |
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Аквашаруашылық саласындағы су беру қызметтеріне субсидияларды пайдалану туралы есеп" нысанын толтыру бойынша түсіндірме (индексі: 7-аква нысаны, кезеңділігі: жыл сайын)
1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК