Өсімдік шаруашылығын субсидиялау бөлімі туралы ереже

БЕКІТІЛГЕН
«Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысының бұйрығымен
№ ____ «____» _____________ 2024 ж.

Өсімдік шаруашылығын субсидиялау бөлімі туралы ереже

 

  1. Жалпы ережелер
  1. Өсімдік шаруашылығын субсидиялау бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) «Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Бөлімнің құрылымы мен штат саны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарма басшысы тарапынан бекітіледі.
  4. Бөлімнің негізгі міндеттері мен функциялары
  5. Бөлім қызметінің негізгі бағыттары – өсімдік шаруашылығын субсидиялау саласында мемлекеттік саясатты іске асыру және өсімдік шаруашылығы саласында өзге де мемлекеттік қызметтер көрсету болып табылады.

 

1-тапсырма: Өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

Функциялары:

  1. қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу арқылы пестицидтер (улы химикаттар) ыдыстарын залалсыздандыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
  2. келесі қызмет түрлеріне лицензия беру:
    • пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау);
    • пестицидтерді (улы химикаттарды) сату;
    • пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольді және фумигациялық тәсілмен қолдану;
  3. Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындайтын тізбе мен тәртіпке сәйкес зиянды организмдермен күрес жөніндегі іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз ету.

 

2-тапсырма: Республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін мемлекеттік қолдау бағдарламаларын іске асыруға жәрдемдесу.

Функциялары:

  1. агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік қолдау бойынша Қазақстан Республикасының Заңына, мемлекеттік, салалық (секторлық), өңірлік бағдарламаларға және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес ұсыныстар әзірлеу;
  2. ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне су жеткізу қызметтерінің құнын субсидиялау жөніндегі іс-шараларды іске асыру;
  3. тұқым шаруашылығын дамытуға жәрдемдесу;
  4. отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне минералдық тыңайтқыштардың (органикалықтан басқа) құнын арзандату іс-шараларын жүзеге асыру;
  5. ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғау мақсатында гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін арзандату іс-шараларын жүзеге асыру.

 

3-тапсырма: Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

Функциялары:

  1. уәкілетті ауыл шаруашылығы органының белгіленген тәртібімен тұқым шаруашылығы субъектілерін аттестаттау және тиісті куәліктер беру;
  2. мемлекеттік электрондық рұқсаттар мен хабарламалар тізілімін жүргізу;
  3. тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспектордың ұсынысы негізінде:
    • тұқым шаруашылығы саласында қызметті жүзеге асыру құқығын растайтын аттестаттау куәлігінің қолданылуын тоқтата тұру;
    • тұқымдардың сорттық және егістік сапасын сараптау қызметін тоқтата тұру.

 

III. Басқарманың басқа бөлімдерімен өзара қатынастары

  1. Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға арналған экономикалық талдау, жоспарлау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімімен:
    • Алатындары: басқарма бойынша жиынтық ақпараттар;
    • Ұсынатындары: өсімдік шаруашылығы саласындағы субсидиялау туралы ақпарат және өзге де мәліметтер.
  2. Әкімшілік бөліммен:
    • Алатындары: түпнұсқалығы және құқықтық сараптамасы тексерілген құжаттар;
    • Ұсынатындары: көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны (бағдарламалар бөлінісінде), мемлекеттік органның сайтына арналған ақпарат, түпнұсқалыққа және құқықтық сараптамаға берілетін құжаттар.
  3. Бухгалтерлік есеп, мемлекеттік сатып алу және бюджеттік жоспарлау бөлімімен:
    • Алатындары: төленген субсидиялар бойынша жиынтық ақпараттар;
    • Ұсынатындары: өсімдік шаруашылығын субсидиялау бағдарламалары бойынша бекітілген жиынтық ведомостер;
    • Ұсынатындары: тұқымдық және отырғызу материалдарының сорттық және егістік сапасын айқындау жөніндегі орындалған жұмыстар актілері.

 

  1. Бөлімнің құқықтары мен міндеттері

Бөлім өз міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін:

  1. Басқарма қызметін ұйымдастыру мен құрылымын жетілдіру, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуді жақсарту, өндіріс көлемін ұлғайту, рентабельділікті арттыру және ауыл шаруашылығы өнімінің сапасын жақсартуға бағытталған заманауи технологияларды енгізу мәселелері бойынша Басқарма басшылығына ұсыныстар енгізуге;
  2. өз құзыреті шегінде Басқарманың өзге құрылымдық бөлімшелерімен және ұйымдармен технологиялық, ұйымдастырушылық және өндірістік мәселелер бойынша байланыс орнатуға және өзара іс-қимыл жасауға;
  3. белгіленген тәртіп пен мерзімде, құпиялылық және өзге де заңмен қорғалатын құпияны сақтау жағдайында қажетті құжаттар мен ақпаратты сұратуға және алуға;
  4. өз қызметін жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құқықтарға ие.

Бөлім өз міндеттерін орындау кезінде жауапты және қамтамасыз етуге міндетті:

  1. қызмет барысында туындайтын мәселелер туралы басқарма басшылығын уақтылы хабардар ету;
  2. құжаттармен жұмыс істеудің белгіленген тәртібін сақтау;
  3. Қазақстан Республикасының заңдарын сақтау;
  4. Бөлімге жүктелген функцияларды, нұсқаулар мен тапсырмаларды уақтылы және сапалы орындау;
  5. Президент, Үкімет, облыс әкімі мен әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын бақылау;
  6. бөлімнің қарамағындағы мемлекеттік мүліктің сақталуын қамтамасыз ету;
  7. келіп түскен құжаттар мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мен оларға уақытылы шара қолданылуын бақылау;
  8. қызмет алушыларды мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы қолжетімді түрде хабардар ету.
  1. Жауапкершілік
  1. Осы Ережеде белгіленген міндеттер мен функциялардың сапалы және уақтылы орындалуына бекітілген мамандар толық жауапты болады.
  2. Басқа қызметкерлердің жауапкершілік дәрежесі олардың лауазымдық нұсқаулықтарымен айқындалады.

Бөлім басшысы ________________________

Дата публикации
23 октября 2025