«Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мал шаруашылығы бөлімінің ережесі

БЕКІТЕМІН
Басшысы
«Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы»
мемлекеттік мекемесі
______________ А. Қаджибекова

 «Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің мал шаруашылығы бөлімінің ережесі

 

  1. Жалпы ережелер
  1. Мал шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) «Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Бөлімнің құрылымы мен штат саны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарма басшысы тарапынан бекітіледі.

 

  1. Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
  1. Бөлімнің негізгі міндеті – агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, мал шаруашылығы өнімінің көлемі мен сапасын арттыруға бағытталған шараларды жүзеге асыру болып табылады, оның ішінде:
  • мал шаруашылығының, соның ішінде асыл тұқымды мал шаруашылығының дамуына мониторинг жүргізу;
  • мал шаруашылығында жаңа технологиялар мен еңбек ұйымдастырудың озық түрлерін енгізу жөніндегі кешенді шараларды іске асыру;
  • мал шаруашылығын дамытуға, асыл тұқымды малдардың генетикалық қорын сақтау мен қалпына келтіруге бағытталған субсидиялау іс-шараларын ұйымдастыру.
  1. Функциялары:
  1. облыс және оның аумағынан тыс жерлерде мал шаруашылығының дамуына тұрақты мониторинг жүргізу, талдау жасап, олардың негізінде мал шаруашылығы саласында жаңа технологияларды жетілдіру, енгізу, өнімділік пен өнім сапасын арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу, жалпы үйлестіру және іске асыруға қатысу;
  2. құзыреті шегінде республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен мемлекеттік қолдау бағдарламаларын іске асыруға қатысу;
  3. асыл тұқымды малдарды сатып алу, ұстау және жас мал өсіруді ұйымдастыру;
  4. республикалық палаталар мен өзге де қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстарын ескере отырып, асыл тұқымды өнімге (материалға) бөлінген бюджет қаражаты шегінде субсидияларды бөлу;
  5. ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерінің типтік нұсқасы негізінде әзірленген, тиісті жергілікті өкілді орган бекітетін ережелердің жобасын ұсыну;
  6. асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
  7. асыл тұқымды малдардың, оның ішінде шектеулі генофонды тұқымдардың генетикалық қорын сақтау мен қалпына келтіруге бағытталған іс-шараларды субсидиялау;
  8. агроөнеркәсіптік кешеннің жағдайы мен дамуы туралы ақпаратты уәкілетті органдарға ұсыну;
  9. мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған субсидиялау іс-шараларын іске асыру;
  10. әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында ара шаруашылығының дамуы мен қорғауына бақылау жасау;
  11. ара шаруашылығындағы селекциялық-асыл тұқымдық жұмысты үйлестіру және Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру;
  12. ара шаруашылығы саласындағы мамандарды даярлау және қайта даярлау жөніндегі қызметті үйлестіру;
  13. жайылымдарды суландыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуы туралы жарты жылдық және жылдық есептерді уәкілетті органға ұсыну;
  14. агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;
  15. мамандандырылған мал шаруашылығы кәсіпорындарының өсуіне жағдай жасау бойынша іс-шараларды әзірлеу;
  16. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту тұжырымдамасы (2021–2030 жж.) шеңберінде мақсатты индикаторлар мен іс-шараларды әзірлеу, келісу және олардың орындалуын қамтамасыз ету;
  17. Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемін 2 есе арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында 2024–2028 жылдарға арналған Жол картасы шеңберінде мақсатты индикаторлар мен іс-шараларды әзірлеу, келісу және орындалуын мониторингілеу;
  18. Шығыс Қазақстан облысының 2021–2025 жылдарға арналған даму жоспары шеңберінде АӨК-ті дамыту бойынша мақсатты индикаторлар мен іс-шараларды әзірлеу, келісу және мониторингілеу;
  19. «AMANAT» партиясының 2023–2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша Шығыс Қазақстан облысы үшін әзірленген Жол картасы шеңберінде АӨК дамыту іс-шараларын әзірлеу, келісу және мониторингілеу;
  20. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

 

III. Құқықтары мен міндеттері

Бөлім өз міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін:

  1. Басқарма басшылығына құрылымды жетілдіру, басқарма қызметін ұйымдастыруды жақсарту, ауыл шаруашылығы өндірісі салаларын дамыту, өндіріс көлемін ұлғайту, рентабельділікті арттыру және өнім сапасын жақсартуға бағытталған заманауи технологияларды енгізу мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге;
  2. өз құзыреті шегінде Басқарманың басқа құрылымдық бөлімшелерімен және ұйымдармен технологиялық, ұйымдастырушылық және өндірістік мәселелер бойынша байланыс орнатуға және өзара іс-қимыл жасауға;
  3. белгіленген тәртіп пен мерзімде құпиялылық режимін сақтай отырып, қажетті құжаттаманы және өзге де ақпаратты сұрауға және алуға;
  4. өз қызметін жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құқықтарға ие.

Бөлім өз міндеттерін орындау кезінде жауапты және қамтамасыз етуге міндетті:

  1. қызмет барысында туындаған мәселелер бойынша Басқарма басшылығын уақытылы хабардар ету;
  2. құжаттармен жұмыс істеудің белгіленген тәртібін сақтау;
  3. Қазақстан Республикасының заңдарын сақтау;
  4. Бөлімге жүктелген функцияларды, тапсырмаларды және басшылықтың нұсқауларын уақтылы әрі сапалы орындау;
  5. Президент, Үкімет, облыс әкімі мен әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын бақылау;
  6. бөлімнің қарамағындағы мемлекеттік мүліктің сақталуын қамтамасыз ету;
  7. келіп түскен құжаттарды, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мен оларға уақтылы шара қолданылуын тұрақты бақылауда ұстау;
  8. қызмет алушыларды мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді түрде хабардар ету.
  1. Бөлім қызметін ұйымдастыру
  1. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президент актілеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өз міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.
  2. Бөлімді Басқарма басшысының бұйрығымен тағайындалатын және босатылатын Бөлім басшысы басқарады.
  3. Бөлім басшысы Бөлім қызметіне жалпы басшылық жасайды және оған жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауап береді.
  4. Бөлім басшысы әрбір қызметкердің міндеттерін айқындайды және олардың лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді.
  5. Бөлім басшысы әрбір қызметкердің қызмет тиімділігін бағалап, ақпаратты Басқарманың кадр қызметіне ұсынады.
  6. Бөлім басшысы болмаған жағдайда, оның міндетін Басқарма басшысының тиісті бұйрығымен бекітілген тұлға атқарады.
  7. Басқарма басшысының қол қоюына дайындалған құжаттарға оларды әзірлеген қызметкер және Бөлім басшысы (немесе оны алмастыратын тұлға) қол қояды. Бөлім атынан өзге құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттар құжатты әзірлеген қызметкермен келісіліп, Бөлім басшысы немесе оны алмастыратын тұлға қол қояды.

 

Бөлім басшысы ___________________ М. Баелова

 

Дата публикации
23 октября 2025