БЕКІТІЛГЕН
Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы
мемлекеттік мекемесінің басшысының бұйрығымен
№ ____ «____» ___________ 2024 ж.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және техникалық инспекция бөлімі туралы ереже
- Жалпы ережелер
- Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және техникалық инспекция бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) «Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
- Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Президент пен Үкімет актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
- Бөлімнің құрылымы мен штаттық саны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен басқарма басшысы бекітеді.
- Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
- Бөлімнің негізгі қызмет бағыты – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешеннің техникалық қамтамасыз етілуін мемлекеттік реттеу шараларын қабылдау арқылы агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
- Бөлім келесі функцияларды жүзеге асырады:
- облыстағы азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйін, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібінің дамуын тұрақты түрде мониторингтеу, талдау жүргізу және олардың негізінде агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің сапасы мен өнімділігін арттыру, жаңа технологияларды енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу, олардың орындалуын жалпы үйлестіру және қатысу;
- азық-түлік қауіпсіздігі, баға және агроөнеркәсіптік кешен өнімдері нарығының мониторингін жүргізу;
- облыстағы азық-түлік тауарлары қорының есебін жүргізу және уәкілетті органға есептілікті ұсыну;
- ішкі және сыртқы азық-түлік нарықтарының жағдайын зерделеу және агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің тиісті ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету;
- әкімшілік-аумақтық бірлік бойынша азық-түлікпен қамтамасыз ету балансын жасау;
- өңірлік көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыру;
- әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру механизмдерін іске асыру жөніндегі комиссия құру және оның жұмысын ұйымдастыру;
- әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру механизмдерін іске асыру;
- азық-түлік тауарларын сатып алу бағдарламасының қатысушыларын айқындау жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
- агроөнеркәсіптік кешен өнімдерімен көтерме сауда нарықтарын ұйымдастыру;
- ауыл шаруашылығы өнімін сатып алу бойынша субсидиялау нормативтері мен кепілдік сатып алу бағасын белгілеу жөніндегі ұсыныстар әзірлеу;
- терең қайта өңдеу өнімдерін өндіру үшін ауыл шаруашылығы өнімін сатып алу шығындарын өтеу мақсатында қайта өңдеуші кәсіпорындардың шығындарын субсидиялау;
- ішкі нарыққа реттеуші әсер ету мақсатында ұлттық компанияның астық өткізу кезінде шеккен шығындарын өтеу бойынша субсидиялау;
- ауыл шаруашылығы кооперативтері мен олардың мүшелеріне өнім ассортименті бойынша өңірлік көрмелер мен жәрмеңкелерде сауда орындарын ұсыну арқылы қатысуын ұйымдастыру;
- ауыл шаруашылығы кооперативтеріне коммуналдық базарларда жеңілдетілген шарттармен сауда орындарын ұсынуды қамтамасыз ету;
- қайта өңдеуші кәсіпорындар желісін кеңейту саясатын жүргізу;
- бәсекеге қабілетті өндірістерді дамытуға, жаңғыртуға және халықаралық сапа менеджменті жүйелеріне көшуге жағдай жасау;
- облыстың тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібіне инвестициялар тарту жұмыстарын жүргізу;
- қайта өңдеу өнеркәсібі саласындағы инвестициялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру;
- агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласында мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;
- техникалық реттеу саласында сәйкестікті растау қызметтерін көрсету бойынша өңірлерде бәсекелі ортаны қалыптастыруға шаралар қабылдау;
- тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, тіркемелерді, соның ішінде арнайы жабдық орнатылған тіркемелерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеуді қамтамасыз ету, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін және тіркеу құжаттарын беру, сондай-ақ олардың кепілін тіркеу;
- машиналардың мемлекеттік тіркеуінің бар-жоғы туралы анықтамалар беру;
- техникалық қамтамасыз етудің жай-күйін тұрақты мониторингтеу, талдау және агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің сапасы мен өнімділігін арттыру, жаңа технологияларды енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу;
- өз құзыреті шегінде республикалық және жергілікті бюджеттерден мемлекеттік қолдау бағдарламаларын іске асыруға қатысу;
- нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасының 2021–2025 жылдарға арналған Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі Ұлттық жобасы аясындағы мақсатты индикаторлар мен іс-шараларды әзірлеу, келісу және олардың орындалуын қамтамасыз ету;
- 2021–2025 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысын дамыту бағдарламасы шеңберінде АӨК дамытуға қатысты мақсатты индикаторлар мен іс-шараларды әзірлеу, келісу және мониторинг жүргізу;
- «AMANAT» партиясының 2023–2027 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасы аясында облыстың АӨК дамытуға бағытталған іс-шараларды әзірлеу, келісу және мониторинг жүргізу;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;
- ақпараттық материалдарды ИПГО жүйесінің «Құжаттар кітапханасы» модулінде, БАҚ-та және бірыңғай интернет-платформада орналастыруды қамтамасыз ету.
- Бөлім өз міндеттері мен функцияларын орындау үшін қажетті өкілеттіктерге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ие.
- Бөлімді басқарма басшысының бұйрығымен тағайындалатын және қызметінен босатылатын бөлім басшысы басқарады.
- Бөлім басшысы бөлімнің қызметіне жалпы басшылық жасап, оның міндеттері мен функцияларының орындалуына дербес жауап береді.
- Бөлім басшысы бөлім қызметкерлерінің міндеттерін айқындайды және олардың лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді.
- Бөлім басшысы бөлім қызметкерлерінің қызмет тиімділігін бағалап, нәтижесін басқарманың кадр қызметіне ұсынады.
- Бөлім басшысы болмаған кезде оның міндетін басқарма басшысының тиісті бұйрығымен белгіленген тұлға атқарады.
- Басқарма басшысына қол қоюға ұсынылатын құжаттар оны дайындаған қызметкер және бөлім басшысы (немесе оны алмастыратын тұлға) тарапынан визаланады. Басқарманың басқа құрылымдық бөлімшелеріне жолданатын құжаттар бөлім басшысы қол қояды.
III. Басқарманың басқа бөлімдерімен өзара қатынасы
- Агроөнеркәсіптік кешеннің дамуын экономикалық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімімен:
- Алады: талдау, статистикалық деректер, нақты көлем индексі, жалпы ішкі өнім, басқарма бойынша жиынтық ақпарат.
- Ұсынады: өсімдік, ет және сүт өнімдерін қайта өңдеу және өнім экспорты бойынша жедел деректер, қайта өңдеу және дайындау саласындағы субсидиялау туралы ақпарат.
- Әкімшілік ету және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімімен:
- Алады: түпнұсқалылығы мен құқықтық сараптамадан өткен құжаттар.
- Ұсынады: мемлекеттік қызметтер саны туралы ақпарат, мемлекеттік органның сайтына арналған материалдар, құқықтық сараптамаға арналған құжаттар.
- Қаржы құралдары және микронесиелеу бөлімімен:
- Ұсынады: қайта өңдеу саласындағы жобалар.
- Алады: инвестициялар туралы ақпарат.
- Бухгалтерлік есеп және бюджеттік жоспарлау бөлімімен:
- Алады: төленген субсидиялар бойынша жиынтық ақпарат.
- Ұсынады: тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі саласы бойынша субсидиялау бағдарламаларының бекітілген жиынтық тізімдері.
- Мал шаруашылығы бөлімімен:
- Алады: қалалар мен аудандар бойынша жем-шөп дайындау қажеттілігінің бекітілген деректері.
- Ұсынады: жем-шөп өндіру, ет пен сүтті қайта өңдеу бойынша жедел деректер.
- Бөлімнің құқықтары мен міндеттері
Бөлім өз міндеттері мен функцияларын орындау үшін құқылы:
- басқарма қызметін жетілдіру, ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастыруды жақсарту, заманауи технологияларды енгізу, өнім көлемін ұлғайту және сапасын арттыру жөнінде басқарма басшылығына ұсыныстар енгізуге;
- өз құзыреті шегінде басқарманың басқа құрылымдық бөлімшелерімен және ұйымдармен технологиялық, ұйымдастырушылық және өндірістік мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасауға;
- белгіленген тәртіппен және мерзімде қажетті құжаттар мен ақпаратты сұратуға және алуға;
- өз қызметін жүзеге асыру үшін өзге де құқықтарға ие болуға.
Бөлім міндетті:
- туындаған мәселелер бойынша басқарма басшылығын уақтылы хабардар етуге;
- құжаттармен жұмыс істеу тәртібін сақтауға;
- Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауға;
- басқарма басшылығының тапсырмалары мен нұсқауларын сапалы және уақытылы орындауға;
- өз құзыретіне кіретін Президент, Үкімет, облыс әкімі мен әкімдігінің актілерінің орындалуын бақылауға;
- бөлімге бекітілген мемлекеттік мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге;
- келіп түскен құжаттар мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және шаралар қабылдау бойынша тұрақты мониторинг жүргізуге;
- мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы қызмет алушыларды қолжетімді түрде хабардар етуге.
- Жауапкершілік
- Осы Ережемен көзделген міндеттер мен функциялардың сапалы және уақтылы орындалуына жауапты мамандар толық жауапкершілік атқарады.
- Басқа қызметкерлердің жауапкершілік дәрежесі олардың лауазымдық нұсқаулықтарымен белгіленеді.