БЕКІТІЛГЕН
«Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы»
мемлекеттік мекемесі басшысының м.а. бұйрығымен
№ _____ «____» ____________ 20__ ж.
Қаржы құралдары және микрокредит беру бөлімінің ережесі
- Жалпы ережелер
- Қаржы құралдары және микрокредит беру бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) «Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
- Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
- Бөлімнің құрылымы мен штат саны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарма басшысы арқылы бекітіледі.
- Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
- Бөлімнің негізгі міндеті – агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты несиелік және қаржылық құралдарды тарту арқылы іске асыру болып табылады.
- Жүктелген міндеттерді орындау үшін Бөлім келесі функцияларды жүзеге асырады:
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін мемлекеттік қолдау жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді және іс-шараларды жүзеге асырады;
- ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін дамыту мақсатында инвестициялар мен қаржы ұйымдарының несиелерін тарту жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және іске асырады;
- бюджет бағдарламалары шеңберінде бюджет қаражатын игеру бойынша жұмысты ұйымдастыруды әкімшілендіреді:
- «Ауыл Аманаты» жобасын іске асыру шеңберінде Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы аясында халыққа микрокредит беру;
- Кәсіпкерлік бастаманы қолдау шараларын ұйымдастыру мен қаржыландыру қағидалары шеңберінде халыққа микрокредит беру;
- «Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін кеңейту» шеңберінде агроөнеркәсіптік кешендегі ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру бағдарламасын іске асыру;
- Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру және сақтандыру шеңберінде субсидиялау бағдарламасын іске асыру;
- Агроөнеркәсіптік кешен субъектісінің инвестициялық салымдар кезінде жұмсаған шығындарының бір бөлігін өтеу жөніндегі субсидиялау бағдарламасын іске асыру;
- Ауыл шаруашылығы жануарларын, техника мен технологиялық жабдықтарды сатып алуға арналған кредиттер мен лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау бағдарламасын іске асыру;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
- Құқықтары мен міндеттері:
Міндеттер мен функцияларды орындау үшін Бөлім құқылы:
- өз құзыреті шегінде жоғары тұрған мемлекеттік органдармен, өзге де ведомстволармен және басқарма мамандарымен өзара іс-қимыл жасауға;
- өз өкілеттігі шегінде мәселелерді қарауға және шешім қабылдауға, олардың орындалуын тиісті органдар мен лауазымды тұлғалардан талап етуге;
- лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті ақпарат пен материалдарды белгіленген тәртіппен алуға;
- жұмысты жетілдіру және мемлекеттік қызметтің өзге де мәселелері бойынша басшылыққа ұсыныстар енгізуге;
- тиісті бюджет қаражаты есебінен біліктілігін арттыру және қайта даярлаудан өтуге;
- белгіленген тәртіпте және мерзімде қажетті құжаттаманы және өзге де ақпаратты, мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияларды сақтай отырып, сұратуға және алуға;
- өз қызметін жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құқықтарды пайдалануға.
Бөлімнің міндеттері мен жауапкершілігі:
Бөлім өз қызметін жүзеге асыру барысында келесі міндеттерді қамтамасыз етуге және орындауға жауапты:
- инвестициялар мен қаржы құралдары мәселелері бойынша облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын және материалдарын дайындау;
- қызмет барысында туындаған мәселелер бойынша басқарманың жоғары тұрған басшылығын уақтылы хабардар ету;
- құжаттармен жұмыс істеудің белгіленген тәртібін сақтау;
- Қазақстан Республикасының заңдарын сақтау;
- басқарма басшылығының тапсырмалары мен нұсқауларын уақытылы және сапалы орындау;
- Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің, облыс әкімдігі мен әкімінің нормативтік актілерінің орындалуын бақылау;
- бөлімнің қарауындағы мемлекеттік мүліктің сақталуын қамтамасыз ету;
- келіп түскен құжаттар мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы қарау және шаралар қабылдау бойынша тұрақты мониторинг жүргізу;
- көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тәртібі туралы қызмет алушылардың қолжетімді түрде хабардар болуын қамтамасыз ету.
- Бөлім қызметін ұйымдастыру
- Бөлім өз міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заң актілеріне, Президент актілеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қажетті өкілеттіктерге ие.
- Бөлімді басқарма басшысының бұйрығымен тағайындалатын және қызметінен босатылатын бөлім басшысы басқарады.
- Бөлім басшысы бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына жеке жауапты болады.
- Бөлім басшысы әр қызметкердің міндеттерін айқындайды және олардың лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді.
- Бөлім басшысы әр қызметкердің қызмет тиімділігін бағалап, басқарманың кадр қызметіне ақпарат ұсынады.
- Бөлім басшысы болмаған кезде оның міндеттерін басқарма басшысының тиісті бұйрығына сәйкес тағайындалған тұлға атқарады.
- Басқарма басшысының қол қоюына әзірленген құжаттарға оны дайындаған қызметкер және бөлім басшысы (немесе оны алмастыратын тұлға) қол қояды. Бөлім атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттар құжатты әзірлеген қызметкермен визаланып, бөлім басшысы немесе оны алмастыратын тұлға қол қояды.
- Басқарманың басқа бөлімдерімен өзара қарым-қатынасы
- Бюджеттік жоспарлау және қаржылық қамтамасыз ету бөлімі:
- Бөлімнен алады: әкімшілендіретін бағдарламалар бойынша бекітілген жиынтық тізімдер, бюджеттік өтінімдерді қалыптастыруға арналған есептер, мемлекеттік сатып алу материалдары.
- Бөлімге ұсынады: төленген субсидиялар бойынша жиынтық ақпарат, қаржыландыру жоспары, субсидиялар мен басқа бюджет қаражатын игеру туралы ақпарат.
- Мал шаруашылығы бөлімі:
- Бөлімнен алады: субсидия алған ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері туралы ақпарат.
- Өсімдік шаруашылығын субсидиялау бөлімі:
- Бөлімнен алады: субсидия алған ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері туралы ақпарат.
- Егіншілік бөлімі:
- Бөлімнен алады: субсидия алған ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері туралы ақпарат.
- Әкімшілік ету және ақпараттық қауіпсіздік қамтамасыз ету бөлімі:
- Бөлімнен алады: көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша есептік деректер, мемлекеттік органның сайтына арналған ақпарат, мемлекеттік және орыс тілдерінің сәйкестігі мен құқықтық сараптамаға арналған құжаттар.
- Бөлімге ұсынады: тілдік сәйкестігі тексерілген құжаттар, басшылықтың хаттамалық тапсырмалары, өзге мемлекеттік органдардан келіп түскен және жөнелтілген хат-хабарлар.
- Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және техникалық инспекция бөлімі:
- Бөлімнен алады: субсидия алған ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері туралы ақпарат.
- Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың экономикалық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі:
- Бөлімнен алады: субсидиялау мен кредиттеу бағдарламалары шеңберінде бөлінген қаражаттың игерілуі туралы деректер.
- Бөлімге ұсынады: басқарма бойынша жиынтық ақпарат.