БЕКІТІЛДІ
Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының
бұйрығымен
№ ____ «____» __________ 2024 жыл
«Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
бюджеттік жоспарлау және қаржылық қамтамасыз ету бөлімі туралы ЕРЕЖЕ**
Бюджеттік жоспарлау және қаржылық қамтамасыз ету бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) «Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Бөлімнің құрылымы мен штаттық саны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарма басшысымен бекітіледі.
1.1. Міндет: бюджеттік қаражаттың уақтылы және сапалы игерілуін қамтамасыз ету.
Функциялар:
мемлекеттік мекеменің жылдық қаржыландыру жоспарын төлемдер мен міндеттемелер бойынша әзірлеу және бекіту;
төлемдер мен міндеттемелер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізу жөніндегі өтінімдерді дайындау;
бюджеттік қаражаттың нысаналы пайдаланылуын бақылау;
Қазынашылық департаментіне төлем тапсырмалары мен шарттарды сапалы дайындау;
жеткізушілердің қабылданған міндеттемелерін 100% орындауын бақылау;
шарттық міндеттемелердің орындалмауы немесе тиімсіз орындалуы жағдайында заңнама талаптарына сәйкес уақтылы шаралар қабылдау;
бюджеттік қаражаттың игерілу барысы туралы есептер мен өзге де қаржылық, бюджеттік және бухгалтерлік есептілікті дайындау;
жанар-жағармай материалдарының шығысын мониторингтеу;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
1.2. Міндет: негізгі құралдардың бар-жоғын және қозғалысын есепке алуды қамтамасыз ету.
Функциялар:
қаржы жылының соңында негізгі және тауарлық-материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізу;
негізгі құралдардың келіп түсуі мен қозғалысын есепке алу жұмыстарын жүргізу;
Басқарманың балансына тіркелген мүлік бойынша есептілікті ұсыну;
негізгі және тауарлық-материалдық құндылықтарды тозуына сәйкес уақтылы есептен шығару;
басқарма аппаратының шығындарын есепке алу жұмыстарын жүргізу;
басқарма аппаратының тауарлары, жұмыстары және қызметтері бойынша есептің уақтылы жүргізілуін қамтамасыз ету;
Қазынашылықтың операциялық бөлімімен төлем операциялары бойынша күнделікті жұмыс жүргізу және шарттар бойынша төлемдерді уақтылы жүзеге асыру;
белгіленген нысандар бойынша есептік деректерді ұсыну.
1.3. Міндет: мемлекеттік сатып алуларды уақтылы және сапалы жүргізу.
Функциялар:
мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеу және бекіту;
қажет болған жағдайда мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер енгізу;
мемлекеттік сатып алу жылдық жоспарын мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастыру;
мемлекеттік сатып алу ережелеріне сәйкес, куратор бөлімдер әзірлеген бекітілген конкурс құжаттамаларын қабылдау және веб-порталға орналастыру;
мемлекеттік сатып алу өткізу туралы хабарламаны интернет-ресурста жариялау үшін ақпарат ұсыну;
конкурс комиссиясы шешіміне сәйкес өтінімдерді қарау және конкурсқа қатысуға жіберу;
мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасу;
жеткізушілердің қабылданған міндеттемелерді орындауын мониторингтеу;
орындалған шарттарды мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастыру;
белгіленген нысандар бойынша есептілік ұсыну.
Бөлім өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыру мақсатында келесі құқықтарға ие:
Басқарманың құрылымын және қызметін жетілдіру, ауыл шаруашылығы өндірісі салаларын дамыту, өнім көлемін ұлғайтуға және тиімділігін арттыруға, ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын көтеруге бағытталған қазіргі заманғы технологияларды енгізу мәселелері бойынша Басқарма басшылығына ұсыныстар енгізуге;
Өз құзыреті шегінде басқа құрылымдық бөлімшелермен және ұйымдармен технологиялық, ұйымдастырушылық және өндірістік мәселелер бойынша байланыс орнатуға және өзара іс-қимыл жасауға;
Белгіленген тәртіппен және мерзімде қажетті құжаттар мен ақпаратты сұратуға және алуға, мемлекеттік, қызметтік немесе өзге де құпияны сақтау талабын сақтай отырып;
Өз қызметін жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құқықтарды пайдалануға.
Бөлім өз қызметін жүзеге асыру барысында мыналарды қамтамасыз етуге және келесі жауапкершілікті атқаруға міндетті:
Қызмет барысында туындаған мәселелер туралы басқарма басшылығын уақтылы хабардар ету;
Құжаттармен жұмыс істеудің белгіленген тәртібін сақтау;
Қазақстан Республикасының заңдарын сақтау;
Басқарма басшылығының тапсырмалары мен нұсқауларының уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету;
Президент пен Үкіметтің, облыс әкімдігі мен әкімінің нормативтік актілерінің орындалуын бақылау және мониторинг жүргізу;
Бөлімнің қарамағындағы мемлекеттік мүліктің сақталуын қамтамасыз ету;
Келіп түскен құжаттар бойынша шаралар қабылдау мен қаралу барысын тұрақты мониторингтеу.
Бөлім келесі құрылымдық бөлімшелермен өзара іс-қимыл жасайды:
Әкімшілік ету және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімі;
Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі экономикалық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі;
Мал шаруашылығы бөлімі;
Егіншілік бөлімі;
Өсімдік шаруашылығын субсидиялау бөлімі;
Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және техникалық инспекция бөлімі;
Қаржы құралдары және микрокредиттеу бөлімі.
Алатын ақпарат:
Еңбекақы туралы анықтамалар (қажет болған жағдайда);
Қызметкерлерге жұмыс орны, лауазымы және жалақысы туралы анықтама беру үшін материалдар;
Штат кестесінен үзінді көшірме;
Еңбекақы (есеп айырысу парақтары), іссапар шығындары, төленген субсидиялар бойынша жиынтық ақпарат;
Арнайы өнім (техникалық паспорт, мемлекеттік нөмір, куәлік) бойынша қалдықтар туралы мәліметтер;
Кредиттік және кепілдік шарттар бойынша жиынтық ақпарат.
Ұсынатын құжаттар:
Іссапар шығындары бойынша аванстық есептер;
Қызметкерлерді қабылдау, ауыстыру және жұмыстан босату туралы мәліметтер;
Материалдық жауапты тұлғалар бойынша бұйрықтардың жобалары;
Еңбек уақытын есепке алу табелі;
Демалыс кестесі;
Еңбекке жарамсыздық парақтарын төлеуге ұсыну;
Қызметтік іссапарлар туралы бұйрықтар (төлем және есептілік үшін);
Лауазымдық жалақыны белгілеу құқығын беретін еңбек өтілін есептеу жөніндегі хаттама;
Себу және отырғызу материалының сорттық және егістік сапасын анықтау бойынша бекітілген актілер;
Арнайы өнім бойынша есеп (техпаспорт, мемлекеттік нөмір, куәлік);
Әкімшілік бағдарламалар бойынша қосымша бюджет қаражаты қажеттілігі туралы ақпарат (есеп және негіздемемен бірге);
Мемлекеттік сатып алу бойынша бекітілген техникалық ерекшелік;
Ағымдағы жылға арналған қаржыландыру жоспары (айлар бойынша бөлініспен);
Төлем жүргізу үшін жасалған кредиттік шарттар;
Қызметтер көрсетілгені туралы бекітілген актілер және Сенім білдірілген агенттің растайтын құжаттары.
Бөлім өзіне жүктелген негізгі міндеттер мен функцияларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңдарына, Президент актілеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өкілеттіктерге ие.
Бөлімді Басқарма басшысының бұйрығымен тағайындалатын және қызметтен босатылатын Бөлім басшысы басқарады.
Бөлім басшысы бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Бөлімге жүктелген міндеттер мен функциялардың уақтылы және сапалы орындалуына дербес жауап береді.
Бөлім басшысы бөлім қызметкерлерінің міндеттерін айқындайды және олардың лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді.
Бөлім басшысы әрбір қызметкердің қызметінің тиімділігін бағалайды және нәтижесін Басқарманың кадр қызметіне ұсынады.
Бөлім басшысы болмаған жағдайда, оның міндеттері Басқарма басшысының тиісті бұйрығымен белгіленген тұлғаға жүктеледі.
Бөлім қызметкерлері дайындаған және Басқарма басшысына қол қоюға ұсынылатын құжаттар оларды әзірлеген қызметкер мен бөлім басшысы (немесе оны алмастыратын тұлға) визалауымен рәсімделеді.
Бөлім атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттар оларды әзірлеген қызметкердің қолымен және бөлім басшысы (немесе оны алмастыратын тұлға) қол қоюымен ресімделеді.
Осы Ережеде көзделген міндеттер мен функциялардың сапалы және уақтылы орындалуы үшін толық жауапкершілік Бөлім басшысына жүктеледі.
Бөлімнің басқа қызметкерлерінің жауапкершілік дәрежесі олардың лауазымдық нұсқаулықтарымен айқындалады.
Бөлім басшысы Л. Салауатова