Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы
басшысының бұйрығымен
№ ____ «____» __________ 2024 жыл
Әкімшілік ету және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) «Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Бөлімнің құрылымы мен штаттық саны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарма басшысымен бекітіледі.
Басқарма қызметін құжат айналымы, қызметтік құжаттардың орындалу мерзімдерін бақылау және уақтылы қаралуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша ұйымдастыру;
Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, облыс әкімі мен әкімдігінің, олардың орынбасарларының, облыс әкімі аппараты басшысы мен оның орынбасарларының актілері мен тапсырмаларының, соның ішінде «қызметтік пайдалану үшін» белгісі бар құжаттардың орындалуын ұйымдастыру және бақылау;
Облыс әкімі тапсырмаларының орындалуын бақылау;
Басқарманың қызметін құқықтық қамтамасыз ету;
Басқарма қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету;
Басшылықтың тапсырмасы бойынша Басқарманың актілері мен өзге де құқықтық сипаттағы құжаттарының жобаларын әзірлеу;
ТБН-4 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» жобасын іске асыру;
Заңды және жеке тұлғалардың талаптары бойынша Басқарманың мүдделерін соттарда білдіру;
Басқарма көрсететін мемлекеттік қызметтер бойынша ақпараттарды, мәліметтер мен статистикалық есепті деректерді жинау, мониторинг жүргізу және уақтылы ұсыну;
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау;
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Басқармадағы ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу жұмыстарын үйлестіру.
Қазақстан Республикасы Президентінің, Президент Әкімшілігінің, Үкіметінің, Премьер-Министр Кеңсесінің, облыс әкімі мен әкімдігінің актілері мен хаттамалық тапсырмаларының орындалуын бақылау;
Құжаттарды тіркеу және құжаттамалық-анықтамалық жұмыстарды жүргізу;
Әкім, оның орынбасарлары және аппарат басшысы берген тапсырмалардың орындалуы туралы ақпараттық, анықтамалық және талдамалық материалдар дайындау;
Іс жүргізуді ұйымдастыру және жүргізу;
«Е-Архив» ақпараттық жүйесіндегі жұмысты бақылау;
Басшы мен оның орынбасарларына келіп түсетін азаматтар мен заңды тұлғалардың жазбаша және электрондық өтініштерін қарау;
Басқарма басшысының бұйрықтарын және басқа да қызметтік құжаттарды тіркеуді, сақтауды және мұрағатқа тапсыруды қамтамасыз ету;
Қызметтік ақпараттың, соның ішінде «қызметтік пайдалану үшін» деген белгісі бар шектеулі таралымдағы құжаттардың сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз ету;
Басқарманың миссиясын, стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға бағытталған нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдауын қамтамасыз ету;
Басшыға қол қоюға ұсынылатын актілердің, бұйрықтардың, ережелер мен өзге де құқықтық құжаттардың қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігін бақылау;
Құжаттардың белгіленген мерзімде орындалуын бақылау, орындалу барысы мен нәтижелері туралы мәліметтерді жинақтау және басшылықты жүйелі түрде хабардар ету;
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мен орындаудың белгіленген мерзімдерін бақылау;
Мемлекеттік қызметшілердің еңбек өтілін анықтау жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
Аким аппаратының персоналды басқару қызметімен, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменттерімен, мобилизациялық дайындық және аумақтық қорғаныс басқармасымен, прокуратура және ҰҚК департаментімен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
Демалыс кестелерін құру, демалыстарды тіркеу және ресімдеу;
Іссапарларды ресімдеу және есепке алу;
Еңбек уақытын есепке алу табелін жүргізу;
Ауыл шаруашылығы кешенін ақпараттық сүйемелдеу бойынша облыстық «Медиа-жоспарға» ұсыныстар енгізу;
Еңбек тәртібінің жағдайын және қызметкерлердің ішкі еңбек тәртібі қағидаларын сақтауын бақылау.
Міндет: Басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ақпараттарын жинау, мониторинг жүргізу және уақтылы ұсыну.
Функциялар:
Мемлекеттік қызметтер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, қызмет көрсетуді жеңілдету және автоматтандыру бойынша ұсыныстар енгізу;
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мен мерзімдерін сақтау мониторингін жүргізу;
Мемлекеттік қызметтер бойынша жиынтық есептілікті жүргізу және дайындау;
Мемлекеттік қызмет көрсету және мүгедектермен жұмыс істеу саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету;
Басқарма көрсететін мемлекеттік қызметтердің нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
Басқарманың интернет-ресурсында мемлекеттік қызметтер туралы ақпараттың уақтылы жаңартылуын бақылау;
Мемлекеттік қызмет көрсету бағытындағы Басқарма қызметінің тиімділігін бағалау үшін материалдар дайындау;
Қызмет алушыларды қолжетімді түрде ақпараттандыруды қамтамасыз ету;
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын күнделікті бақылау;
Көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша есеп дайындау.
Міндет: Басқарма қызметінің заңдылыққа сәйкестігін қамтамасыз ету, құқықтық актілердің қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін бақылау, заңнаманы түсіндіру және құқықтық насихат жүргізу, сот істерін құқықтық сүйемелдеу және Басқарманың заңды мүдделерін қорғау.
Функциялар:
Басқарманың қызметіне қатысты талап-арыз жұмыстарын жүргізу, сот органдарында істерді құқықтық сүйемелдеу;
Басқарманың мүдделерін соттарда, әкімшілік органдарда және қоғамдық ұйымдарда білдіру;
Сот істерін талдау, олардың себептері мен жағдайларын анықтау және оларды жою жөнінде ұсыныстар енгізу;
Азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамаға сәйкестігін талдау және басқарма басшылығын хабардар ету;
Басқарма қызметіне қатысты өтініштерді өз құзыреті шегінде қарау;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын әзірлеу және уәкілетті органдарға ақпарат ұсыну;
Шарттардың заңнамаға сәйкестігін, уақтылы жасалуын және міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету;
Сот актілерінің орындалуын қамтамасыз ету және тиісті мәліметтерді уәкілетті органдарға ұсыну;
Мемлекеттік сатып алулар саласындағы шектеулерді бақылау;
Басқарманың миссиясы мен стратегиялық мақсаттарын іске асыруға бағытталған нормативтік құқықтық актілер әзірлеу;
Басқармамен әзірленетін құқықтық актілердің жобаларына құқықтық баға беру;
Нормативтік құқықтық актілерді қолдану бойынша ұсынымдар әзірлеу;
Басқарма әзірлеген нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу немесе күшін жою жөнінде шаралар қабылдау;
Басқарманың құрылымдық бөлімшелеріне құқықтық көмек көрсету;
Заңнаманы насихаттау және құқықтық оқыту жұмыстарын ұйымдастыру;
Құқықтық мәселелер бойынша түсіндірмелер дайындау;
Нормативтік қызметті талдау және жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
«Мемлекеттік органның құқықтық қамтамасыз етілуі» бағыты бойынша тиімділік көрсеткіштерін бағалау материалдарын дайындау;
Басқарманың комиссияларының жұмысына қатысу;
Тәртіптік комиссияның жұмысына қатысу;
Басқарманың бұйрықтары мен құқықтық сипаттағы құжаттарының заңнамаға сәйкестігін қарау;
Басқарманың құқықтық қызметін қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығы субъектілерінің заңды мүдделерін қорғау;
Облыс әкімі аппараты мен «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру.
Бөлім өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін келесі құқықтарға ие:
Басқарма қызметін жетілдіру және оның құрылымын ұйымдастыру мәселелері бойынша Басқарма басшылығына ұсыныстар енгізуге;
Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінен өз функцияларын орындау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді сұратуға;
Өз құзыреті шегінде басқа құрылымдық бөлімшелермен және ұйымдармен технологиялық, ұйымдастырушылық және өндірістік мәселелер бойынша байланыс орнатуға және өзара іс-қимыл жасауға;
Белгіленген тәртіппен, мемлекеттік және қызметтік құпияны сақтай отырып, қажетті құжаттаманы және өзге де ақпаратты алуға;
Басқарма бөлімдері мен мамандарының құжаттармен жұмыс істеу тәртібін сақтауын бақылауға;
Құжаттаманы жүргізу және құжаттармен жұмыс ұйымдастырылуын тексеруге және тексеру қорытындыларын басқарма басшылығына ұсынуға;
Қойылған талаптарға сәйкес дайындалмаған құжаттарды орындаушыларға қайта өңдеуге қайтаруға;
Өз құзыреті шегінде Басқарма басшысына қол қоюға ұсынылатын құжаттарға қол қоюға және визамен бекітуге;
Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этика қағидаларын сақтауын бақылауға;
Мемлекеттік қызметке байланысты шектеулердің сақталуын бақылауға;
Құқықтық сипаттағы құжаттарға өз құзыреті шегінде қол қоюға және визалау жүргізуге;
Өз құзыреті шегінде Басқармаға келіп түсетін нормативтік құқықтық актілермен және процессуалдық құжаттармен танысуға;
Нормативтік құқықтық актілер мен Басқарманың құжаттарын әзірлеу кезінде басқа құрылымдық бөлімшелерді тартуға;
Басқармамен әзірленетін нормативтік құқықтық актілердің қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында тиісті шаралар қабылдауға;
Бөлім қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру мақсатында біліктілікті арттыру курстарынан және (немесе) тағылымдамалардан өтуін ұйымдастыруға;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қосымша материалдық көтермелеу алуға;
Өз қызметін жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құқықтарды пайдалануға.
Бөлім өз қызметін жүзеге асыру барысында келесі міндеттерді атқаруға және жауапкершілік жүктеледі:
Қызмет барысында туындайтын мәселелер бойынша басқарма басшылығын дер кезінде хабардар етуге;
Құжаттармен жұмыс жүргізудің белгіленген тәртібін сақтауға;
Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауға;
Басқарма басшылығының тапсырмалары мен нұсқауларының уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуге;
Президент пен Үкіметтің, облыс әкімдігі мен әкімінің нормативтік актілерінің орындалуын бақылауға және мониторинг жүргізуге;
Бөлімнің қарамағындағы мемлекеттік мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге;
Электрондық құжат айналымы жүйесі (ОДО) арқылы келіп түскен құжаттардың қаралуы мен орындалуын тұрақты бақылауда ұстауға;
Басқарманың құқықтық қызметі саласында заңнама талаптарын орындауға;
Мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі жөнінде қызмет алушылардың (стенд, ақпараттық бұрыш арқылы) ақпараттандырылуын қамтамасыз етуге.
Бөлім өз функцияларын орындау және құқықтарын іске асыру барысында келесі құрылымдық бөлімшелермен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды:
Алу үшін:
Марапатқа ұсынылған қызметкерлерге мінездеме;
Тәртіптік жауапкершілікке тартылатын қызметкерлерге мінездеме;
Еңбек және қызметтік тәртіпті бұзушылардың түсініктемелік хаттары;
Демалыс кестесін жасау үшін ұсыныстар;
Ай сайынғы есептер туралы ақпарат.
Беруге:
Бөлімдердің қызметіне қатысты басқарма басшысының шешім жобаларымен таныстыру;
Қызметкерлерді қабылдау, ауыстыру және жұмыстан босату туралы бұйрықтардың көшірмелерін ұсыну;
Бекітілген демалыс кестелерін ұсыну;
Тәртіптік комиссия шешімдерін жеткізу.
Алу үшін:
Қажет болған жағдайда еңбекақы туралы анықтамалар;
Қызметкерлерге берілетін жұмыс орнын, лауазымын және жалақы мөлшерін растайтын материалдар;
Штат кестесінен үзінді көшірмелер.
Беруге:
Қызметкерлерді қабылдау, ауыстыру және жұмыстан босату туралы мәліметтер;
Материалдық жауапты тұлғалар бойынша бұйрықтардың жобалары;
Еңбек уақытын есепке алу табелі;
Демалыс кестесі;
Еңбекке жарамсыздық парақтарын төлеуге ұсыну.
Бөлім өзіне жүктелген негізгі міндеттер мен функцияларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңдарына, Президент актілеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес қажетті өкілеттіктерге, құқықтар мен міндеттерге ие.
Бөлімді Басқарма басшысы тағайындайтын және қызметтен босататын Бөлім басшысы басқарады.
Бөлім басшысы бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Бөлімге жүктелген міндеттер мен функциялардың сапалы және уақытылы орындалуына дербес жауап береді.
Бөлім басшысы басқарма басшысына бөлімнің құрылымы мен штаттық саны бойынша ұсыныстар енгізеді.
Бөлім басшысы әрбір қызметкердің қызметінің тиімділігін бағалайды.
Бөлім басшысы бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді және олардың міндеттерін айқындайды.
Осы мақсатта Бөлім басшысы:
әр қызметкердің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бөлім басшысы болмаған жағдайда, оның міндеттері басқарма басшысының тиісті бұйрығымен белгіленген тұлғаға жүктеледі.
Бөлім қызметкерлері дайындаған құжаттарға қол қою алдында оларды әзірлеген қызметкер мен бөлім басшысы (немесе оны алмастыратын тұлға) визалайды.
Бөлім атынан өзге құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға құжатты әзірлеген қызметкер қол қояды, ал олар бөлім басшысымен (немесе оны алмастыратын тұлғамен) бекітіледі.
Осы Ережеде көзделген міндеттер мен функциялардың сапалы және уақытылы орындалуы үшін толық жауапкершілік Бөлім басшысына жүктеледі.
Басқа қызметкерлердің жауапкершілік дәрежесі олардың лауазымдық нұсқаулықтарымен айқындалады.
Әкімшілік ету және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Г.М. Молжабаева