Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2024 жылғы 20 маусымдағы № 208 бұйрығымен (ҚР ӘМ 2024 жылғы 20 маусымда
№ 34533 болып тіркелген, ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 21.06.2024 ж.) «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін ақпараттандырамыз.
Бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші және он тоғызыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 5-бабына сәйкес, көрсетілетін қызметті берушілер көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсынуға міндетті екендігіне назар аударамыз.