Шығыс Қазақстан облысында 2024 жылы «Ауыл Аманаты» бағдарламасын іске асыру туралы

Шығыс Қазақстан облысында «Ауыл Аманаты» бағдарламасын іске асыру үшін 2024 жылға 5 631 200,0 мың теңге қарастырылды. Бюджет қаражатын игеру сәуір айынан бастап 1000 қарыз берумен және 1060 жұмыс орнын құрумен жоспарланған.

Ауылдық елді мекендердің тұрғындары өз бизнесін дамытуға жеңілдікті кредит ала алады. Қарыз алу шарттары өте тиімді, әсіресе бұл пайыздық мөлшерлемеге қатысты.

1) микрокредит мерзімі - 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін микрокредит мерзімі – 7 жылға дейін;

2) шағын кредиттің ең жоғары сомасы - ауылдық елді мекендерде ( олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда - 2,5 мың АЕК-ге дейін, атап айтқанда 9 230,0 мың теңге, зәкірлік кооперацияны дамыту үшін - 8 мың АЕК-ге дейін - 29 536,0 мың теңге;

3) номиналды сыйақы мөлшерлемесі - жылдық 2,5 пайыздан аспайды;

4) кепілмен қамтамасыз етудің болуы;

5) негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең микрокредиттеу мерзімі ұзақтығының 1/3 (үштен бірінен) аспайтын уақытты құрайды. 5 жылдық кредитке - 20 айға дейін, 7 жылдық кредитке – 28 айға дейін;

6) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық органдарында тіркеудің болуы.

Ауылдық елді мекендер мен шағын қалалардың жеке және заңды тұлғалары ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жобаны масштабтау шеңберінде микрокредиттер алуға үміткерлер болып табылады:

1) жұмыссыздар;

2) жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеусіз кіріс алу мақсатында тауарларды өндіру (өткізу), жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыратын тұлғалар және (немесе) әрекетсіз жеке кәсіпкерлер;

3) отбасылық кәсіпкерлікте ақы төленбейтін қызметті жүзеге асыратын тұлғалар;

4) сату (айырбастау) үшін жеке қосалқы шаруашылықта өнім өндіру жөніндегі қызметті өз бетінше жүзеге асыратын, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен тұлғалар;

5) «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметін жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы кооперативтері;

6) ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлер.

Бизнес бағытын таңдау - кредит қаражатын тек мал өсіруге, дақылдарды өсіруге немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге ғана емес, одан басқа наубайхана, кондитерлік дүкен немесе туристік бизнесті және т. б. мақсаттарға алуға болады.

Дата публикации
05 апреля 2024