«Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша жұмысының 2023 жылғы есебі

 

 

«Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ

мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша жұмысының 2023 жылғы есебі

 

1. Жалпы ережелер

1

Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер

«Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі

Орналасқан жері: ШҚО, Өскемен қ., Бейбітшілік к-сі 38/40, байланыс телефондары: 8 (7232) 700-701

Басшының м.а. Каджибекова Ажар Елемесовна

Қызмет саласы – ауыл шаруашылығы саласындағы жергілікті атқарушы орган

2

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

Ауыл шаруашылығы саласында 23 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

2023 жылы ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасы 395070 қызмет көрсетті;

Ауыл шаруашылығы саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

 

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны

1. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру.

2. Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелері, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру.

3. Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу).

4. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу.

5. Басым дақылдардың, оның ішінде көпжылдық екпелердің өндірісін субсидиялау.

6. Ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау.

7. Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау.

8. Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау.

9. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау.

10. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау.

11. Ветеринариялық анықтамалар беру.

12. Ветеринариялық паспорт беру.

13. Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау.

14. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау.

15. Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау.

16. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау.

17. Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету).

18. Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау.

19. Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау.

20. Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру.

21. Бiрегей және элиталық тұқымдар, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтiлген тұқым өндiрушiлердi, тұқым өткізушілерді аттестаттау.

22. Пестицидтерді өндіру (формуляциялау), пестицидтерді өткізу, пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру.

23. Астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру.

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны

0

 

Тегін және/немесе ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны  

395070

 

Қағаз және/немесе  электрондық түрде

көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны   

Электрондық  - 395070

Қағаз түрінде - 0

 

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін белгілейтін, бекітілген заңнамалық нормативтік актілердің саны

2023 жылғы айынан бастап 23 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

 

3

Барынша сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

Өтінімдердің басым бөлігі асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, мал шаруашылығы өнімділігі мен өнім сапасын арттыруды субсидиялау бойынша түсті (3719 өтінім)

2. Көрсетілетін қызметті берушімен жұмыс

1)

Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері және орындары туралы мәліметтер

Ақпарат ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасының ресми сайтына жарияланды және басқарма ғимаратының кіре берісінде және ішінде қабырғаға орналастырылған.

 

2)

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін белгілейтін, бекітілген заңнамалық нормативтік актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат

Қазіргі уақытта заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет порталында жүзеге асырылады.Регламенттер жобаларын талқылау мүмкіндігі туралы  ҚР egov.kz, «Ашық үкімет» - «Ашық НҚА» электрондық порталында тұрақты түрде жұмыс жүргізіліп тұрды. Регламент жобаларына ұсыныстар мен толықтырулар ұсынылған жағдайда жауаптар уақтылы берілді.

Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік қызмет регламентін әзірлемейді.

 

3)

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған 2 түсіндіру іс-шарасы өткізілді.

Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік қызметтерді қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген жауапты қызметкерлер көрсетеді.

Басқармаға көрсетілетін қызметті алушылар жүгінген кезде құзыретті мамандар түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіру бойынша қызмет:

1)

Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері

Оңтайландыру және автоматтандыруға жататын мемлекеттік қызметтердің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандырудың мақсаты мемлекеттік қызмет көрсету процестерін қарапайым ету және тездету болып табылады.

2)

Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар

Қағаз түрінде көрсетілетін қызметтер саны азайды – 0;

электрондық түрде көрсетілгені – 395070.

 

3)

Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру

0

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

1)

Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша арыз-шағымдары туралы ақпарат

2023 жылы қызмет алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.

2)

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау нәтижелері

Басқарма басшысының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 143 бұйрығымен ведомстволық бағынысты ұйымдардың 2023 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау іс – шараларының жоспары (бұдан әрі-жоспар) бекітілді. Жоспарға сәйкес 2023 жылы 4 бақылау шарасы өткізілді. 15 ұсыныс әзірленді, барлығы орындалды.

3)

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына  уәкілетті орган  жүргізген ішкі бақылау нәтижелері

Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі бекіткен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу кестесіне сәйкес ШҚО әкімінің аппаратына 2023 жылдың есепті кезеңі бойынша есептер жіберілді.

4)

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына  жүргізілген қоғамдық мониторинг нәтижелері

Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтерді бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету тиімділігін бұдан әрі көтеру және көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру перспективалары

 

Қызмет алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2024 жылға ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.

2024 жылы ауыл шаруашылығы басқармасы және ведомстволық бағынысты ұйымдар жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыратын болады.

 

 

Дата публикации
29 марта 2024