
ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінде 2024 жылғы жұмыстың қорытындысын шығарып, 2025 жылға арналған басым міндеттерді айқындады.
Кеңеске аумақтық инспекциялар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың өкілдері қатысты.
Салалық басқармалар мен аумақтық инспекциялардың басшылары жұмыс нәтижелері туралы есеп беріп, ағымдағы жылға арналған жоспарларын айтты.
Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетің төрағасы Қазбек Тәшімов барлық бағыттар бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.
2025 жылға арналған басым міндеттердің қатарында: жануарлар ауруларының таралуын болдырмау жөніндегі шараларды күшейту, вакцинация және диагностика жүйесін жетілдіру, мал шаруашылығы өнімдерінің экспортын дамыту және т. б.
Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, цифрлық технологияларды енгізу және мал шаруашылығы өнімдерінің сапасын арттыру жөніндегі жұмысты жалғастырады.