ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне жаңа төраға орынбасары тағайындалды

ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне жаңа төраға орынбасары тағайындалды

Бүгін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің ұжымына жаңа төраға орынбасары — Қазбек Қазиханұлы Ташимовты таныстырды.

Қазбек Қазиханұлы Ташимов 2024 жылғы 23 тамыздағы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің № 11-1-4/335 бұйрығына сәйкес комитет төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Жаңа қызметте ол биологиялық және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелеріне жетекшілік ететін болады.

Осы қызметке тағайындалғанға дейін Қазбек Қазиханұлы Ташимов Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметін атқарды. Ол 1980 жылы Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Каменка ауылында дүниеге келген.

2001 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін "Ветеринариялық санитария" мамандығы бойынша бітірген. 2005 жылы сол университетте "Құқықтану" мамандығы бойынша екінші жоғары білім алды.

Қазбек Қазиханұлы өзінің кәсіби қызметін 2002 жылы Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық аумақтық басқармасының жетекші маманы болып бастады.

2005-2011 жылдары ол Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігі аппаратының түрлі лауазымдарында жұмыс істеді.

2011 жылдан бастап Қазбек Ташимов Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының ветеринария бөлімін басқарды.

2015 жылы Батыс Қазақстан облысы ветеринария басқармасының басшысы болып тағайындалды.

2017 жылдан 2021 жылға дейін Батыс Қазақстан облысы ветеринария басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

2021-2024 жылдары Қазбек Қазиханұлы Маңғыстау облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметін атқарды.