ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде канадалық құс өнімдерін экспорттау перспективалары талқыланды

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде канадалық құс өнімдерін экспорттау перспективалары талқыланды

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Самат Төлегенов Канада Елшілігі мен канадалық бизнес өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар канадалық құс өнімдерін Қазақстан нарығына экспорттау мәселелерін талқылады.

Maple Leaf Foods компаниясының халықаралық сату директоры Джесси Крейнин Қазақстанға өнімдерін әкелу үшін қажетті ветеринариялық талаптарды орындауға қызығушылық білдірді. Өз кезегінде, қазақстандық тарап елдегі процедуралар мен талаптар туралы ақпарат берді.

Кездесуде ерекше назар Еуразиялық экономикалық одақтың үшінші елдер тізіміне канадалық кәсіпорындарды тіркеу мәселесіне аударылды. Кездесуге қатысушылар тіркеу және Одаққа мүше мемлекеттермен келісу тәртібін талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ветеринария және азық-түлік экспорты саласындағы ынтымақтастықты жалғастыруға, сондай-ақ Канада тарапынан Қазақстанда құс өнімдерін өндіруге инвестиция салу мүмкіндіктерін талқылауға келісті.