
Ағымдағы жылдың 29 маусымында ветеринария қызметкерлері күнін мерекелеуге орай «Республикалық эпизоотияға қарсы жасақ» республикалық мемлекеттік мекемесінің аумағында спорттық жарыстар өтті.
Жарысқа Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті, «Республикалық ветеринариялық зертхана» РМК, «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталығы» РМК және «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» РММ командалары қатысты.
Жарыста келесідей волейбол, үстел теннисі және шахматтан спорт түрлерінен әйелдер мен ерлер командалары, сондай-ақ футбол және гір көтеруден ерлер командалары болды.
Сондай-ақ, еліміздің барлық өңірлерінде ветеринариялық қызметтер арасындағы жарыстар өткізілді. Бұл спорттық шараларды жыл сайын өткізу жоспарлануда.
Бұл жарыстар ұжымдық рухты нығайтуға және салауатты өмір салтын насихаттауға көмектесіп қана қоймайды, сонымен қатар әріптестер үшін бейресми жағдайда бірге уақыт өткізуге тамаша мүмкіндік береді.