2024 жылдың 10 маусымында Жемқорлық тәуекелдерін қоғамдық талқылаудың өткізу туралы хабарлама

2024 жылдың 10 маусымында Жемқорлық тәуекелдерін қоғамдық талқылаудың өткізу туралы хабарлама

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті (бұдан ары-Комитет), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабының 5-тармағын және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығын іске асыру мақсатында және де Комитет төрағысының м.а. 2024 жылдың 16 сәуірдегі № 143 бұйрығына сәйкес,

Комитетте және оған бағынысты мекемелерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды (әрі қарай – Ішкі талдау) 2024 жылдың 02 мамырынан бастап 2024 жылдың 14 маусымына дейін келесі бағыттарда жүзеге асырылып жатқанын хабарлайды:

1)    талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2)    талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Ішкі талдаудың қамтылу кезеңі – 2023 жылдың 01 мамырынан бастап 2024 жылдың 30 сәуіріне дейін.

Жемқорлық тәуекелдерін қоғамдық талқылауы 2024 жылдың 10 маусымында өткізіледі.

Қоғамдық талқылауыға қатысу бойынша ұсыныстар мен өтінімдер
«Е-Өтініш» АЖ және kaliakparov.a@minagri.gov.kz электрондық поштасы арқылы 2024 жылдың 07 маусымына дейін қабылданады.

Байланыс телефоны - 8 (717 2) 55-59-45

Сенім телефоны - 8 (717 2) 55-54-13