
Қазақстан шошқаның классикалық обасынан таза ел ретінде ХЭБ мәртебесін алғаны туралы ХЭБ-ның арнайы растауын алды. Бұрында Қазақстан шошқаның африкалық обасынан таза ел ретінде мойындалып қойған болатын (өзіндік декларация).
Осы жылы коронавирус пандемиясына байланысты ХЭБ жылсайынғы Ассамблеясын өткізуді ауыстыруға шешім шығарған болатын, яғни ХЭБ делегаттары құжат жинағын және материалдарды зерттеп болғаннан кейін мәртебелерді алуға елдермен берілген тапсырыстардың мәліметтері бойынша ХЭБ ғылыми комиссиясының ұсынысы үшін дауыс береді.
Сондықтан делегаттардың дауыс беруі қашықтықтан жүргізілді.
ХЭБ осы жылы мәртебе алған елдердің тізімін жариялады, олардың арасында ҚР ШКО-нан таза ел ретінде ХЭБ арнайы мәртебесін алды.
Бұл Қазақстанның ветеринариялық қызметі жұмысының нәтижесі. Халықаралық саудаға әсері бар, шошқаның негізгі аса қауіпті ауруларынан таза ел ретінде елімізді мойындауы, аграрлық бизнес және экспорттық әлеуетті көтеру үшін маңызды.
Қазақстан шошқа етін жеткізу үшін қытай базарын ашады: хаттама және ветеринариялық сертификат келісімделген, қазақстандық шошқа шаруашылығы кәсіпорындарын ҚХР Бас кедендік басқармасының Тізіміне енгізу күтілуде.
Анықтама: халықаралық саудаға әсерін тигізетін 6 негізгі аурулар, олар бойынша мүше-елдерде ХЭБ арнайы мәртебесі болуға тиіс, бұл: 1. Аусыл; 2. Жылқының африкалық обасы; 3. Шошқаның классикалық обасы; 4. ІҚМ контагиоздық плевропневмониясы; 5. Кеуек тәрізді энцефалопатия; 6. Ұсақ күйістілердің обасы.