
Екіжақты ынтымақтастық шеңберінде Қытай Халық Республикасының Бас кеден басқармасымен келіссөздер жүргізу арқылы қытай тарапымен қолданыстағы шектеулерді алып тастау бойынша жұмыс жүргізілуде.
Бұған дейін Қытай тарапы ҚР АШМ ұсынған ветеринариялық қызметтің жұмысы, сондай-ақ аусыл мен құс тұмауы бойынша ҚР аумағының эпизоотиялық жағдайы мен әл-ауқаты туралы материалдарға сәйкес тәуекелдерді бағалағанын атап өткен жөн.
Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 17-24 желтоқсан аралығында ҚХР Бас кеден басқармасы мен Ауыл шаруашылығы және ауылдық істер министрлігінің сарапшылар тобы Қазақстанның ветеринариялық бақылау қызметінің жұмысын бағалау жүргізу үшін сапары өттуде және одан кейін ҚХР енгізілген шектеулерді алып тастау бойынша сұрақтар қарастырылады.
Сапар аясында екі топтан тұратын делегация Комитетке және РЭҚО, РВЗ, ВБҰО ведомстволық бағынысты кәсіпорындарына, сондай-ақ Аумақтық инспекцияларға, ЖАО ветеринариялық басқармаларына, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Түркістан және Алматы облыстарының мал және құс шаруашылығы кәсіпорындарына барды.
Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті өкілдері Қытай делегациясына аса қауіпті ауруларға қарсы профилактикалық іс-шаралармен жүргізілетін ветеринариялық қызмет құрылымымен, ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді реттейтін заңнамалық нормалармен, сондай-ақ барған кәсіпорындардағы ветеринариялық-санитариялық нормалармен қамтамасыз етумен таныстырды.
Қытай тарапының шектеулерді алып тастау жөнінде қолайлы шешім қабылдауы Қытайға мұздатылған ет (сиыр еті, қой еті, шошқа еті) экспортын қалпына келтіруге және Қазақстаннан Қытайға мал шаруашылығы өнімдерінің басқа түрлерін, оның ішінде сиыр, қой, шошқа етінің салқындатылған етті, сондай-ақ жоғары термоөңдеуден өткен ет өнімдеріне және мал сою кезінде алынатын қосалқы өнімдер, ІҚМ терілері, құс шаруашылығы өнімдері және т. б.экспорттауға қойылатын талаптарды келісу бойынша хаттамалар жасасу рәсімін бастауға мүмкіндік береді.