Қазақстанда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы екіжақты ынтымақтастық шеңберінде ветеринариялық қызмет аудиті өтуде. Аудитті ҚХР Бас кеден басқармасы мен ауыл шаруашылығы және ауылдық істер министрлігінің сараптамалық тобынан тұратын қытай делегациясы жүргізуде.
Аудит шеңберінде қытай делегациясы екі топқа бөлінді. Бірінші топ Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облысы, Алматы және Алматы облыстарының құс шаруашылығы нысандарына барады. Екінші топ Қазақстанның мал шаруашылығына (Ақмола, Қостанай, Қарағанды және Түркістан облыстары) барады.
Қазақстанның әрбір өңірі Қытай делегациясымен кездесіп, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарымен таныстыру жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар, сарапшылар өңірлер бойынша аумақтық инспекцияға барады, онда ветеринария саласындағы қызметпен және нормативтік құжаттармен танысады.
ҚХР БКБ және АШМ тарапынан жүргізілген аудит қорытындысы бойынша аусыл мен құстардың жоғары патогенді тұмауы (ЖПМК) бойынша уақытша шектеуді алып тастау туралы мәселе қаралады деп күтілуде. Шектеулерді алып тастау қазақстандық экспорттаушыларға өз өнімдерін қытай нарығында сатуға мүмкіндік береді.