Хабарландыру: Орталық Азия бойынша ДДСҰ субөңірлік өкілдігі 10 жылдығын атап өтуде

Хабарландыру: Орталық Азия бойынша ДДСҰ субөңірлік өкілдігі 10 жылдығын атап өтуде

Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының (ДДСҰ) Орталық Азия бойынша субөңірлік өкілдігі құрылғанына 10 жыл толуын атап өтуде.

Рәсім бағдарламасында Орталық Азия бойынша ДДСҰ қосалқы-өңірлік өкілдігінің басшысы доктор Мереке Тайтубаевтың өкілдіктің соңғы 10 жылдағы қызметі туралы, сондай-ақ Орталық Азия елдерінің ветеринариялық қауіпсіздігі саласындағы негізгі жетістіктері туралы баяндамасы ұсынылады.

Іс-шараға Аманғали БЕРДАЛИН, Ауыл шаруашылығы Вице-Министрі, Айдарбек Қожаназаров, ҚР Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің мүшесі, Бауыржан АБЫЗБАЕВ, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан елдерінің ДДҰ Кеңсесінің Басшысы Скендер СИЛА қатысады.

БАҚ өкілдерін рәсімге қатысуға шақырамыз.

Күні: 24 қараша 2023 ж

Уақыты: 10: 00

Орны: Астана қ., Республика даңғылы, 50/1, 2 қабат.

Республикалық ветеринариялық зертхана ғимараты

Байланыс тұлғасы: Туржанова Ғалия, 87015436645, galiyatm@mail.ru

Қосымша ақпарат:

Орталық Азия бойынша ӨБЖ субөңірлік өкілдігі 2013 жылы ДДСҰ мен Қазақстан Үкіметі арасындағы келісімге сәйкес құрылды. Өкілдік өңір елдеріне жануарлардың қауіпті ауруларына қарсы күрес, ветеринариялық мамандардың біліктілігін арттыру, өңір елдері арасындағы ынтымақтастықты нығайту жөніндегі ұлттық бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға жәрдемдеседі.