Бөрлі ауданындағы эпизоотиялық жағдай туралы ақпарат

Бөрлі ауданындағы эпизоотиялық жағдай туралы ақпарат

Бірқатар қазақстандық БАҚ-та БҚО Бөрлі ауданында белгісіз аурудан жүздеген ірі қара мал өлгені туралы ақпарат тарады.

Аумақтық инспекцияның мәліметінше, Қарағанды ауылдық округінде ІҚМ жеті басының қаза тапқаны анықталды. Осы оқиғаға байланысты ауылға Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы М.Утаралиев, БҚО ветеринария басқармасының басшысы С. Нұрмағанбетов, сондай-ақ Бөрлі ААИ басшысы және аудандық ветеринариялық станцияның директоры барды.

Мамандар 31 қазан мен 2 қарашада өлген төрт ірі қара малдарынан сынама алды. Бұл сынамалар зерттеу жүргізу үшін ветеринарлық зертханаға жіберілді. Далада өлген үш бастың өлекселері жабайы жыртқыштардың жеп, құстары шұқып тастауына байланысты сынама алуға жарамсыз деп танылды. Зертханалық зерттеулердің нәтижелері бір апта ішінде дайын болады.